Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаевқа алғыс білдірілді

Алғыста 2016 жылдан бастап шешілмей келе жатқан азаматтар арасындағы жер дауы бойынша Қазақстан Республикасы АПК-нің 179 бабының 4 бөлігінің негізінде судья – медиатор болып И.Тұңғышбаев жүргізген. Істі қараған судья мәселеге өте байыпты қарап, зерделеп, нәтижесінде дауласушы тараптардың екеуі де қолайлы келісімге келіп, өзара татуласқан. Осылайша дау өз шешімін тапты деп ауыл тұрғындары яғни дауласушы тараптар судья И.Тұңғышбаевқа деген ризашылығын білдірді.
Ел азаматтары әрбір хаттарында бастарынан өткен қиын жағдайларды соттың көмегімен қалай еңсеріп шыққандарын және істі қараған судьялар мен сот жүйесіне деген алғыстарын білдіреді. Мұндай хаттар арқылы судьялардың күнделікті күрделі жұмысының өз нәтижесін беріп жатқандығын білуге болады.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.