№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаңа жыл түнінде бауырға салмақ түспеу үшін не істеу керек?

Жаңа жыл түнінде бауырға салмақ түспеу үшін не істеу керек?

  Тәтті әрі өткір күшті ішімдіктер бауырға қосымша күш түсіреді. Мұндай ескертуді жаңажылдық кешке орай ресейлік психиатр- нарколог Евгений Брюн жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
© pixabay.com
  Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы психиатр-наркологтың мәлімдеуінше, жаңажылдық кеш үшін ішімдік алғанда ақ құрғақ шарапты таңдау керек, себебі оның ағзаға зияны айтарлықтай төмен. "Ең дұрысы, ақ құрғақ шарап, ол бауыр үшін айтарлықтай жеңіл. Бастысы - өткірлігі күшті ішімдіктерді ішпеу", - деді ол. Брюннің айтуынша, тәтті ішімдіктер денсаулық үшін зиянды, себебі олар бауырға түсетін салмақты арттырады. "Ішімдік пен қант бір-бірімен бәсекелес болып келеді, сондықтан ішімдік одан әрі қорытылмай қояды", - деп түсіндірді Брюн. Оның сөзіне қарағанда, түнде ішімдік ішу денсаулық үшін зиянды, себебі бауыр түнгі уақытта ішімдікті өте нашар қорытады, соның салдарынан ішімдік токсикозы күшейеді.
18 желтоқсан 2018 ж. 1 096 0