ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА – БАСТЫ МІНДЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға жол ашады. Жол, мектеп, аурухана мен спорт нысандарының жаңаруы – халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты.
Менің ойымша, құрылыс жобалары тұрғындардың нақты сұранысына сай таңдалып, бөлінген қаржы тиімді жұмсалуы керек. Әрбір нысан сапалы салынып, уақытында пайдалануға берілгенде ғана оның игілігін халық көреді. Ең бастысы, бұл бастама елді мекендердің дамуына серпін беріп, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға қызмет етуі тиіс. Показать меньше




