Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгені құрады
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қазанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,8%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,7%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,6%, жемістер мен көкөністерді – 12,7%, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады. Ақпарат көзі: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі Осы категория бойынша: « Digital Bridge: Hyperloop басшысы Қазақстанға өзінің үздік жобасымен келмек Қазақстан Ұлттық Банкі өзгермелі айырбастау бағамы режимін сақтайды »
www.24.kz
www.24.kz
Пікір 2