№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МАНТУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

МАНТУ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Мантуды көпшілік екпемен (прививка) шатастырып, оны қабылдаудан бас тартып жатады. Манту не үшін қажет? 
Манту деген кім?
Бұл сынама өзін туберкулезді зерттеуге арнаған француздық дәрігер Шарль Манту есімімен аталған. Ол диагностика жасау үшін тері асты туберкулин дәрісін жіберуді ұсынған. Қандай да бір жағдайға байланысты Манту тесті Феликс Мендель атты ғалымның есімімен тіркелген. Манту реакциясы деген не? Манту – екпе емес. Ол – ағзада туберкулез жұқпасының бар-жоғын көрсететін сынама немесе тест. Манту сынамасын орындау кезінде дәрігер тері астына туберкулин (туберкулез микробактериясының сығындысы) жібереді. Дәрі жіберген жерге туберкулез қоздырушыларымен байланыста болған лимфоциттер ғана бағытталады. Дәрігер үш күн өткен соң терінің тығыздалуының өлшеміне қарап, туберкулездің бар-жоғын анықтайды.

Мантуды неге сулауға болмайды? Көптеген ата-аналарды мантуды неге сулауға болмайтындығы және суланып қалса, не болатындығы мазалайды. Негізінде, қауіпті ештеңе жоқ. Егер дәрі жіберген жерді қасымаса, уқаламаса және жабыстырғыш жабыстырмаса, онда судың тигені нәтиженің бұрмалануына әкелмейді. "Мантуды суламау керек" деген ереже ескі естеліктен қалған. Себебі дәрігерлер Манту сынамасына дейін Пирке сынамасын жасайтын болған. Ол кезде туберкулин қолдың сыртына жағылады, содан соң сол арқылы арнайы кертік жасалады. Егер сол ашық жараға су тисе, тест нәтижесі шынымен де өзгеріске ұшырайды.
12 қазан 2018 ж. 1 400 0