№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚАЙРАТТЫҢ ІНІСІ ҰСТАЛДЫ

ҚАЙРАТТЫҢ ІНІСІ ҰСТАЛДЫ

Алматы қалалық Жол полициясы мемлекеттік көлікті мақсатсыз пайдаланушыларға қарсы рейд ұйымдастырды. Шара  барысында Райымбек пен Пушкин көшелерінің қиылысындағы тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кеткен көлікті тоқтатады. Құжаттарды тексеру кезінде темір тұлпарды бағындырған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім баланың  ешқандай құжаты болмай шыққан.  Ол полиция алдында өзінің Қайрат Нұртастың кіші інісі екенін айтып ақталған.
Тәртіп сақшылары көлікті айып тұрағына, тәртіп бұзушыны Медеу аудандық полиция бөліміне жөнелткен. Жарты сағаттан соң оның достары көліктің сақтандыру құжатын алып келген.
Жасөспірімнің Қайрат Нұртасқа қаншалықты қатысы бар екені әзірге белгісіз, бірақ біздің білуімізше, Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар әлдеқашан университет бітірген.
29 шілде 2018 ж. 3 112 0