Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жасанды интеллект және білім берудің жаңа тынысы

Жасанды интеллект және білім берудің жаңа тынысы


Қазіргі дәуір – жасанды интеллект дәуірі. Бұл бұрын-соңды болмаған тәсілдермен әртүрлі салаға, экономикаға және қоғамға әсер етіп, өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. ЖИ технологияларының өсіп келе жатқан ұрпақтың білім көкжиегіне әсер-ықпалы жөнінде білімгерлердің өзі не айтады?


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖИ

Дербес оқыту мүмкіндігі артып, пән мұғалімдері өз сабағында ЖИ-дің көмегіне жүгініп, оқушылардың да ынтасын қолдап келеді. ЖИ балалардың жеке қабілеті мен оқу қарқынына бейімделіп, әр оқушыға жекелей бағыт береді. Мұндай тәсіл білім беру үдерісін тиімді әрі қызықты етуге жол ашады. Ауданда ЖИ тәсілін алғаш меңгергендердің қатарында №286 тірек мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Ерлан Әбдрасилов қағазбастылықтан арылып, сенсорлы сабақта ЖИ қолданыла бастағанын тілге тиек етті.
– Виртуалды репетитор және көмекші ретінде ЖИ қосымшасының көмегі тиімді. Қазіргі Z ұрпағына дәріс беру үшін олардың қызығушылығына сай дамып, жаһандық даму үрдісінен қалмауымыз қажет. Әрі алдағы 3 жылда цифрлық технология барлық салаға еніп, робототехника саласы дамиды. Демек біз еліміздің болашағы үшін балаларды жаңа технологияға бейімдеп, бәсеге сай маман болуы үшін өзімізді жаңаша дамытуымыз қажет. Сондықтан әр сабағымыз қызықты болуы үшін ЖИ платформасын күнделікті дәрісімізге кіріктіріп жүрміз. Әрі пән мұғалімдері де ірі қалаларға барып ЖИ курстарынан өтіп келуде, –деді ол.
ЖИ көмегін қажетіне жаратып жүрген балалар да баршылық. Бүгінде ЖИ негізіндегі үй тапсырмасына көмектесетін бағдарламалармен сабақ оқып жүргендер қаншама. Жасанды репетитор есеп шығарып, түсіндірме ұсына алады. Бұл – шалғайдағы немесе репетитор қызметіне қол жеткізе алмайтын оқушылар үшін үлкен мүмкіндік. Көктөбе ауылында Нұрқияс Жансері есімді талапкерлер ЖИ көмегімен Сингапур, Индия, Тайландтағы ірі компаниялардың сұранысына сай жарнама логотипін жасап, алғашқы жетістікке жетті. Әлеуметтік желіде жеті жасар баланың өзіне-өзі ЖИ көмегімен диагноз қойып, шұғыл операция жасатқаны кең тарады. Расында, қазіргі жасөспірімдер ЖИ техногологиясын меңгеруге аса қабілеттілігін байқатты.

ЦИФРЛЫҚ ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ

ЖИ басқаратын интерактивті сабақтар мен білім беру ойындары пәндерді терең меңгеруге жол ашады. Алайда мұның көлеңкелі тұсы – деректер қауіпсіздігі мен мұғалім рөлінің азаю қаупі қоғамды алаңдатары рас. Бұл туралы №51 мектептің ұстазы Роза Басқожаева тарқатады.
– Жас ұрпақтың білім алу үрдісіне ЖИ енгелі мұғалімдердің жұмысы жеңілдегенімен уайымы басым болып отыр. Бұрын бала ізденісін басты назарға алатын болсақ, қазіргі күні үй тапсырмасын ChatGPT көмегімен орындап келетіндер бар. Баланың ойлау дағдысына кері әсері көп. Әдеби шығармаларды оқығаннан гөрі ЖИ-мен аудиотекст тыңдап отырады. Есеп шығарып отырған бала көбейту кестесін білмесе тағы да ЖИ-ге иек артады. Меніңше, біз ЖИ-дің озық жағына мән беріп, зиянды әрекеттерге жол бермеуіміз маңызды, –деді ұстаз.

ҚҰПИЯЛЫҚ ПЕН ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

ЖИ балалар туралы үлкен көлемде деректер жинайды. Бұл мәліметтердің қауіпсіз сақталуы – басты мәселе. Құпия ақпараттың дұрыс өңделмеуі балалардың жеке кеңістігіне қол сұғуы мүмкін. Бұл туралы №29З Келешек мектебінің директоры Нұрымжан Бұлдырықовтың айтары бар.
– Біздің мектепте ЖИ үйірмесі жұмыс жасауда. Оқушылардың алғашқы жұмыстарын облыстық деңгейде ЖИ көрмесіне ұсынып келеміз. Барлық пәндерде ЖИ көмекшісін кәдеге жаратуға болады. Балалардың қызығушылығы күн санап артуда. Алайда, кейбір зерттеу жұмысын жасау барасында ЖИ-дің де жаңылысатынын байқадық. Мәселең, ұлттық болмысымызға, құнды­лықтарымызға байланысты деректер жинақтауда балаларды шатастыратын мағлұмат беретінін білдік. Сондықтан, әрбір мұғалімнің ел-жердің терең тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап, балаларға жаңа бағыт-бағдар беру кезінде мықты маман екені сыналады, – деді.

ЦИФРЛЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК ПЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕР

ЖИ дәуірінде өскен балалар экран алдындағы өмірге бейімделген. Бірақ технологияға шамадан тыс әуестік – кибербуллинг, оқшаулану, әлеуметтік қарым-қатынастың әлсіреуі секілді кері әсерлер тудырады. Бұл туралы ақын, психолог Ардақты Камак әңгімелеп берді.
– Қазіргі жасөспірімдердің қимыл әрекеті тым аз. Қолы босай қалса смартфон қарап отыратын баланың ой өрісі де тежеледі. Қарапайым мысал келтірсек, ойын алаңдары көптеп ашылғанымен ойнап жүрген балалар некен-саяқ. Дос-жаран таппаған баланың ортасы болмайды, орта көрмеген баланың мінезі тұйық, ашушаң болады. Мұндай балалар мектеп қабірғасында өте көп. Сабақ айтып жарытпайды, есесіне ЖИ туралы білгені көп. Меніңше, әрбір ата-ана ЖИ дәуірінде өмір сүріп жатқан балаға бағыт-бағдар бере алатындай өзін-өзі дамытуы маңызды. Телефонында не бар? Қанша сағат телефон ұстайды? ЖИ-дің қандай бағытын біледі? Нені меңгеріп жүр? Осындай сауалды күнде қойып, жауап алса, онда баланың өсуіне, өмір қауіпсіздігіне жарқын болашақ ашылады, – деді.
Рас, еліміздің сарапшылары жасөспірімдер ара­сында суицидтің көбеюін әлемнің жылдам дамуымен байланыстырады. Демек, әрбір 4-ші баланың шынайы өмірде дос-жанашыр таптауы үлкен қасіретке соқтырады.

Мақпал МАРҚАБАЙ
11 қараша 2025 ж. 3 674 0