Өнер бастауыш партия ұйымында жолдау талқыланды

2025 жылдың 8 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында жасанды интеллект саласындағы білім беруді дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Мұны білім беру жүйесін жаңғыртуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам деп қарастыруға болады.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жасанды интеллект технологияларын меңгеру дағдыларын қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Бұл жаңа бағдарламалар мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді қажет етеді. Мұндай бастама оқушылардың жас кезінен-ақ заманауи үрдістермен танысып, болашақтағы кәсіби қызметінде табысты болуына мүмкіндік береді. Осылайша, қазақстандық білім беру жүйесі жаңалықты білім беру трендтеріне сай болады.
Жолдауда педагогтарды даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Президенттің айтуынша, жасанды интеллект элементтерін мектеп бағдарламасына табысты енгізу үшін мұғалімдердің осы салалық құзыреттерін арттыру қажет. Педагогтардың біліктілігін көтеру – білімді сапалы жеткізудің және оқыту тиімділігінің негізгі кепілі.
Жолдаудың маңызды тұстарының бірі – ауыл мектептеріндегі балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Осы бағытта «Qazag Digital Mektebi» үлгісі айрықша маңызға ие. Бұл үлгі шалғайдағы ауыл мектептерінің жасанды интеллект негізінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз. Бұл қадам елдің білім сапасын көтеруге, және әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жоғары білім саласында дамытушы бағыттағы орталықтарды ашудың және олардың мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар жаңа буын мамандарын даярлауда шешуші рөл атқарады.
Жолдау ел болашағының айқын бейнесін көрсетеді. Жасанды интеллект пен цифрлық трансформациялар экономикалық өсудің ғана емес, сапалы білім берудің де басты факторы болып отыр. Бұл сала мемлекеттік те, жекеменшік те инвестициялар үшін басым бағытқа айналмақ. Ерте жастан ЖИ технологияларын оқыту бастамасы еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясына негізделгенін айғақтайды.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын қазақстандық білім беруді жаңа деңгейге көтеруге, оны заманауи әрі жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік беретін көреген қадам деп бағалауға болады.




