Апостиль мөрі құнды
Апостиль дегеніміз – бір құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен – жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады. Апостильдің нысаны кемінде 9х9 шаршы см. Түрінде жасалған мөртабан болып табылады.
Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді. 1999 жылы 30 желтоқсанда ҚР Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарға заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды.
Бүгінгі күнге Гаага Конвенциясына әлемнің 138 мемлекеті кіріп отыр. Осы Конвенцияға кірген уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған апостиль басқа да уағдаласушы мемлекеттердің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қолданылады.
Апостиль қоюға құжаттардың түпнұсқалары қабылданады. Көп ағдайда жеке тұлғалар білім орындарынан алған құжаттарын апостильдеуг электронды түрде жолдап жатады. Электронды түрде жолданғанмен, міндетті түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдеріне оқу орындарынан алған құжаттарының түпнұсқасын ұсыну қажет.
Апостиль Конвенциясының ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай –ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін. Іс жүзінде көп жағдайда апостильде екі тіл (Конвенция тілдерінің біреуі және ұлттық тіл) қосарланып беріледі.
Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.
Іс жүзінде түрлі мемлекеттерде апостиль қоюдың түрлі тәсілдері пайдаланылады:резеңке мөртабан, желі (түрлі түсті) ленталар, сүргіш мөр, бедерлі мөр, жапсырма стикерлер және т.б, сондай-ақ құжатқа қосымша ретінде, яғни желі, бекіткіш шығаршыұтар, скрепкалар түрінде беріледі.
Қазақстан Республикасында сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті жүзеге асырады. Сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарды астанаға бармай ресмилендіруді қолайлы ету үшін, оның заңды күшін басқа мемлекетте растайтын арнайы мөртаңба қойылған құжаттарды алу үшін сізге жақын жерде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, «Сот органдарынан келіп түскен ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш толтыру керек және мемлекеттік баж салығын төлеу керек.
Бибайым НӘЛІБАЕВА,
Жаңақорған аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі.




