Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аумақтан тыс соттылықтың маңызы

Аумақтан тыс соттылықтың маңызы

Жалпы сот саласында соңғы жылдары жаңашыл бастамалар жиіледі. Оның басты себебі – сот жүйесін жеңілдету, жетілдіру, әрі әділдікті нығайтуды көздейді. ҚР Азаматтық процестік Кодексіне 2021 жылы өзгеріс енгізілген болатын, онда аумақтан тыс соттылықтың маңыздылығы жазылған.
Бұл істің маңыздылығы мынада, тараптар өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады, эксаумақтық соттылықты таңдай алады. Яғни, аумақтан тыс соттылық – сот ісін әділ әрі бейтарап қараудың кепілі. Бұл механизм соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, сот төрелігіне деген азамат сенімін арттырады. Мемлекеттік органдардың қызметіне объективті бақылау жүргізуге жағдай жасайды. Мәселен, егер белгілі бір өңірде мемлекеттік орган мен сот арасында бұрыннан байланыс қалыптасқан болса, сол өңірде қаралатын іске қатысты бейтараптыққа күмән туындауы мүмкін. Осындай жағдайда істі басқа өңірге ауыстыру – заңмен қарастырылған, құқыққа негізделген шешім болмақ.
Көп жағдайда азаматтар мұндай құқықтық тетік туралы біле бермейді. Сондықтан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аса маңызды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар немесе мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымдану барысында азамат соттан аумақтан тыс соттылық қағидатын қолдануды сұрай алады. Бұл үшін нақты негіздемелер келтірілуі тиіс.
Қорытынды: Аумақтан тыс соттылық – бұл сот төрелігінің әділеттілігі мен заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы. Бұл қағидатты тиімді қолдану – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау көрсетуді назардан тыс қалдырмауы тиіс.
Айдос ЖОЛДЫБАЕВ
аудандық сот төрағасы



21 қазан 2025 ж. 3 807 0