№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Нобель" алған алғашқы азиялық қаламгер

"Нобель" алған алғашқы азиялық қаламгер


Үнді қаламгері, ақыны, философы, қоғам қайраткері Рабиндранат Тагор әдеби ғұмырында көптеген өлең, әңгіме, романдар жазды. Тагордың әдеби мұрасы өте бай болып, елуден астам өлең топтамаларын, 12 роман, жүзден астам хикаялар мен пьесаларды жазып қалдырды. Сонымен бірге Тагор "Нобель" сыйлығын алған алғашқы азиялық қаламгер.

Рабиндранат Тагор 1861 жылы 6 мамыр күні Бенгалия астанасы Калькуттада танымал, әулетті отбасында 14-перзент болып өмірге келеді. Әкесі Махариши Дронат Тагор брахман болып, Үндістандағы қасиетті орындарды жиі аралап тұрған екен. Тагордың анасы ол 14 жасқа толғанда қайтыс болады. Рабиндранат Тагор өнерлі отбасында өмірге келеді, ағаларының бірі музыкант, ақын болса, бірі математик, композитор болатын. Жалпы, отбасы мүшелері түгелдей өлеңге жақын еді. Сол себепті болар ол 8 жасынан бастап өлең жаза бастады. Тагор алдымен үйде, содан соң Калькуттадағы шығыс семинариясында, бенгалия академиясының педагогика білім жұртында оқиды. Бенгал тарихы мен мәдениетін тереңінен зерттейді. 1873 жылы әкесімен бірге Шығыс Үндістанға саяхаттайды. Әлемнің ғажаптығынан, табиғаттың түрлі-түстілігінен шабыттанған ол "Ақынның тағдыры" атты дастанын жарыққа шығарады. 1878 жылы құқықтан сабақ алу мақсатында Лондонға оқуға барады. Бірақ, бір жылдан соң диплом ала алмай Үндістанға қайтып келеді. 1883 жылы Мринали Девиге үйленеді. Ақынның алғашқы өлең топтамалары 1882 жылы "Ақшам әуендері" деген атпен баспадан шығады. 1890 жылы әкесінің қалауымен ақын Шығыс Бенгалиядағы Шелайхо қорғанындағы әулетінің мал-мүлкін басқаруға барады. Міне, осы жерде жүріп шығармашылық жолындағы ең жарқын кезеңдерді бастан кешеді. Ақынның 1893-1900 жылдары шаруалар өміріне арналған бірнеше өлең кітаптары жарыққа шығады. 1901 жылы Тагор Калькутта маңындағы Шантиникетонға көшіп келеді. 5 мұғаліммен бірігіп мектеп ашуды қолға алады. Ол үшін жұбайы барлық қымбат алтын бұйымдарын, өзі шығармаларын шығару құқығын сатып жібереді.  Осы уақыттан бастап ақын ұстаздық қыла жүріп, балалар үшін хикаялар, әңгімелер, романдар, педагокикаға қатысты кітаптар, мақалалар жазады. 1902 жылы Тагордың жұбайы Мринали қайтыс болады. Қаламгердің "Естелік" (Sharan) деп аталатын кітабы жұбайына арналған. 1902-07 жылдары Тагор үшін қайғы мен қасірет жылдары болды. Себебі алдымен әйелі, 1903 жылы бір қызы ауырып қайтыс болса, 1907 жылы бір ұлы обадан қайтты. 1912 жылы Тагор тұңғыш ұлын Америкадағы Иллионойс университетіне оқуға апару үшін жолға шығады. Сапар уақытында олар Лондонға аялдап, сол жердегі суретші досы Уилям Ротонстеинге өзі ағылшын тіліне аударған өлеңдерін көрсетеді. Суретші досының көмегімен "Үндістан ұйымы" баспасынан Тагор ағылшын тіліндегі өлеңдерін кітап етіп шығарады. Міне, осы кезден бастап оның атағы тек, Англияда ғана емес АҚШ-та да аспандай береді. 1923 жылы "Нобель" сыйлығын алған Уилям Йейтстің сол кездегі бейресми хатшысы Эзра Паунд Тагор өлеңдерін оқып "Батыс тұрмысы, қаладағы бейберекетсіздік, қаржылық әдебиет даурықпасы және жарнама себебінен адам ділінен шығып кететін сезімдерді қайта есіңе салатын ғажайып өлең", – деген еді. Оқырмандары Тагорды Үндістанның рухы ретінде бағалайтын. Шын мәнісінде болса Тагор өлеңдерін Үндістан халқының 1 бөлігі ғана түсінетін бенгал тілінде жазған болатын. 1913 жылы Швед Академиктері Рабиндранат Тагорды "терең мәнге, поэзиялық ойлауы ерекше сезімге ие болған, ақылды өлеңдерімен батыс әдебиетінің бір бөлігіне айнала алғаны үшін" "Нобель" сыйлығына лайық деп табады. Марапатау рәсімінде сөз алған Швед академиктерінің мүшесі ғалым Харальд Йерне оларға ақынның ағылшын тіліне аударылған "Құрбандық әуендері" (Гитанджали) өлең топтамасы аса ұнағанын айтып, "батыс пен шығысты бірлестірген көпір" деген баға береді. Марапаттау кезінде Тагордың өзі АҚШ-та болып келе алмағандығы себепті сыйлықты Англияның Швециядағы елшісі алады. Соңғы отыз жылын Тагор Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Азияға сахаттаумен өткізеді. Оның 68 жастан бастап сыза бастаған суреттері Мюнхен, Нью-Иорк, Париж, Мәскеу қалаларында көрмелерде қойыла бастайды. Тагор Үндістанның төрт университеті, сонымен бірге Оксфорд университетінің құрметті докторы атанады. Рабиндранат Тагор ұзақ уақытқы аурудан соң 1941 жылы Калькуттадағы үйінде қайтыс болады.
Massaget.kz
12 маусым 2018 ж. 966 0