№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Биологтар ішектің қартаюға қалай әсер ететінін анықтады

Биологтар ішектің қартаюға қалай әсер ететінін анықтады


Мичиган университетінің биологтары Caenorhabditis elegans дөңгелек құрттарының (нематодалар) миы мен ішектері қартаю процесін қадағалайтынын анықтаған, - деп хабарлайды New Atlas. Мамандардың пікірінше, бұл жануарларда да, тіпті адамдарда да бұл механизм бар.
 
Ішкі органдардың бұл жүйесіне ғалымдар "қартаю өзегі" (axis of aging) деген атау берді. Бұл жүйе қоршаған ортаның температурасының өгеруі кезінде ас қорыту жүйесіне белгі береді де, гендердің белсенділігіне әсер етеді. Бұл процессте екі түрлі нейрондар іске қосылады.  Нейрондардың бір түрі - IL-1- суыққа әсер етіп, NSM нейрондарынан ішек тінінде серотонин бөледі. Мұны өмір ұзақтығына ықпал ететін DAF-16 ақуызының белсенділігін арттыратын рецепторлары қабылдайды. Нейрондардың екінші түрі - ASJ - жылуды қабылдап, DAF-16 ақуызын құрсайтын инсулин тектестердің синтезіне ықпал етеді. Кейін бұл белгілер барлық тіндер мен ішкі органдарға тарайды.  Ғалымардың сөзінше, "қартаю өзегі" құрттарға ғана тән емес, жануарларда да бар. Осылайша, көмірсуларды көптеп пайдалану сияқты сыртқы ықпалдар сүтқөректілердің өмір ұзақтығына кері әсер ететіні дәлелденген. 

tengrinews.kz
11 маусым 2018 ж. 742 0