Өмір ұзақтығы
Көп өсімдіктердің өмір сүру мерзімі бір күн, не бір жетіден, не бір жылдан аспайды. Мысалы, бәйшешекті алып қарағын, ол көктемнің гүлі, көктемнің бірінші қуанышы. Бәйшешек шыққанда күллі табиғат қуанады. Ал оның өмірі көп болса бір-екі апталық.
Жыңғыл, тобылғы, сексеуіл деген өсімдіктер бар. Олар көп жылдық.Сексеуіл құмда өседі. Құмды күн де алмайды, су да алмайды. Барлық ағаштың ішіндегі ең мықтысы сексеуіл. Кез келген бірінші сортты таскөмір өзінің құаттылығы, өткірлігі жағынан сексеуілменбәсекелесе алмайды.
P.S. Ұрпақсыз адамның өмірі де бір жылдық гүл тәрізді, ал ұрпағы бар адам сол сексеуілдей тамырын тереңге тартады.