№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болашақта адамдар ең кемі 120 жыл өмір сүре алады - ғалым Гил Ацмон

Болашақта адамдар ең кемі 120 жыл өмір сүре алады - ғалым Гил Ацмон


Global Challenges Summit 2018 форумында Хайфа университетінің профессоры, ғалым Гил Ацмон адамның өмір сүру ұзақтығына қатысты зерттеу нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ғылымдағы жетістіктер арқылы адамның өмір сүру жасын 200-500 жылға дейін ұзартуға болады. 
«Жыл сайын әлем тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 2-3 айға ұзарып келеді. 2018 жылы туған балалар үшін 100 жыл өмір сүру қалыпты болуы мүмкін. Ал болашақта адамдар ең кемі 120 жыл, тіпті 200-500 жылға дейін өмір сүре алады. Мұны қалай жүзеге асырамыз? Адамның жеке экономикасын қолданамыз, бұлшықеттер инженериясы, жасушаларды өзгерту, нанотехнологиялар бар. Яғни, адам ағзасына кішкентай роботтар енгізіліп, қажетсіз жасушаларды алмастырып отырады. Адамның тұтас денесін алмастыра алады және 200 жастағы дені сау адамды қоғамға қайтара аламыз», - деді израилдік Хайфа университетінің профессоры, ғалым Гил Ацмон «Керемет адамның тууы. Постгуманизм дәуірі» пікірталасында.
Өз зерттеулерінде израилдік ғалым ұзақ өмір сүрушілерге қоршаған ортаның әсер етпейтінін байқаған.
«Ұзақ өмір сүрушілердің жартысына жуығы 70 жыл бұрынғыдай ішімдік ішеді және шылым шегеді. Олардың арнайы диетасы жоқ, артық салмақтары бар. Олардың ұзақ өмір сүруіне генетика да әсер етуі мүмкін. Әйтсе де, әлемдік зерттеу барысында олардын ұзақ өмір сүрудің сырын сұраған едік. Жапондықтар балық жейтінін айтты, қытайлықтар көк шай мен зімбір, Францияда - қызыл шарап, Италияда - паста,  Грекияда - зәйтүн майы, Америкада - жаттығулар, ал біздің елімізде бақытты болу», - деп өз сөзін түйіндеді Гил Ацмон.
Айта кетейік, XI Астана экономикалық форумы елордада 17-19 мамыр күндері өтеді. Бұған дейінгі форумдарда жаһандық экономика, цифрландыру және тағы басқа мәселелер қаралса, биылғы форум кезінде ресурстар, роботизация, адамзаттың өзгеруі, агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктер, денсаулық саласының мәселелері талқыланады.
29 мамыр 2018 ж. 1 115 0