№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Тәртіпке бағынған құл болмайды

Тәртіпке бағынған құл болмайды

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру бойынша кеңес өткіздім.
Актөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр.
Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым.


Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке ерекше назар аудардым.
Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет.
Азаматтар өздерін қорғалған сезінуі тиіс – сөз жүзінде емес, іс жүзінде.

Жол-көлік оқиғаларының күрт өсуі алаңдатады: бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%.
Атырау, Қостанай, Актөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі.
Апаттардың 72%-ы трассаларда.
Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен Талғар мен Рудный қалаларында қауіпсіздік мәселелерін талдайтын пилоттық жоба іске қосылады.
Өңірлердің криминологиялық паспорттарын әзірлеу, уәкілетті органдармен бірлесіп мектептерде заң мәдениетін ілгерілету тапсырылды.

Асылов Берік Ноғайұлы - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
04 мамыр 2025 ж. 685 0