Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Төтенше жағдайға дайындық барысы

Төтенше жағдайға дайындық барысы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергеновпен кездесті. Кездесуде су тасқынының алдын алу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Аймақта тиісті сала мамандары («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы бекеттер мен тораптардағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.
Облыс бюджетінен қаржы бөлініп, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен келісім-шарт жасалған, соған сәйкес 2 тікұшақ дайындыққа келтірілген. Мұз жару бойынша да арнайы мамандандырылған мекемемен келісім-шарт бар.
Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс көздер есебінен 20 нысан жөнделіп, қалпына келтірілді.
Облыс аумағында 37 гидротехникалық құрылыс бар. Коммуналдық меншіктегі 3 су қоймасына тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік декларациясы рәсімделген. Биылға күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылуда. Су тасқыны болған жағдайда 61 эвакуациялық жинақтау және 71 қабылдау пункті халықты көшіруге дайын. Ақпанның 6-7 күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Су тасқынына қарсы 123 жеке құрам, 23 техника, 6 жүзу құралы, 33 мотопомпа және 2 тікұшақ әзір.
Кездесуде С.Төленбергенов су тасқынына қарсы шараларды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Айта кетейік, Төтенше жағдайлар вице-министрінің Сыр еліне жұмыс сапары аудандарда жалғасады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
23 ақпан 2025 ж. 424 0