АҚШ Қазақстанның 369 азаматын елге қайтармақ
Иммиграция және кедендік бақылау қызметінің (ICE) 2024 жылғы қарашадағы есебінде АҚШ Қазақстанның 369 азаматын депортациялайтыны айтылған.
Деректерге сүйенсек, барлығы 1 445 549 шетелдікті әртүрлі мемлекеттерден депортациялау жоспарлануда. Олардың ішінде:- Мексика (252 044);
- Гватемала (253 413);
- Гондурас (261 651);
- Сальвадор (203 822) азаматтары көш бастап тұр.
- Өзбекстан (975);
- Қырғызстан (319);
- Тәжікстан (149);
- Түрікменстан (40).
Есепте қазір жойылып кеткен КСРО мен Югославия туралы да айтылған. Осы мемлекеттердің төлқұжаттары бар азаматтар өз аумақтарын алып жатқан елдерге жер аударылады.
Бұған дейін АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен кетуді ұсынған болатын. Көші-қон саясатын қатаңдату туралы Қазақстан елшілігі де ескертті.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ мигранттарға заңды қатаңдатқаны айтылды. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.