№3 (8817) 14

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (8816) 11

11 қаңтар 2025 ж.

№1 (8815) 7

07 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Алимент төлеу парызың

Алимент төлеу парызың


Қазіргі қазақ қоғамында алимент төлеуден бас тартып, түрлі заң бұзушылықтар жасайтын «безбүйрек әкелер» мен «жалғызбасты аналар» және «жетімек» жеткіншектер көбейіп барады. Басқа түссе баспақшыл демекші, бұл ауыр кезеңді басынан өткергендер ғана сезіне алады. Әке тәрбиесін көрмей, ана алақанын сезінбегендер немесе баласын басқаға айырбастауға дайын азаматтар аз емес арамызда. Кешегі күнге дейін әкелер аманатты арқалай алмай, жарты жолда жіп үзетін болса, қазір нәзік жандылар да болмашы сынаққа бойсұнып қоюда. Қалай десе де, отбасы іргесіне әкелер жауапты екенін естен шықпауы керек. Ешкімде ешкімнің шаруасы жоқ бүгінгі қоғамда өзгенің өкпесі мен өксігі кімге керек дерсіз. Жанары жәутеңдеген жазықсыз баланың тағдыры ше? Шырылдай жүріп шырғалаңға түскен ол бейкүнә жанға ата-анасынан басқа кім қамқор болады? Сұрақ көп, жауап ше...


Бізде заң бар. Бірақ сол заңды тығырыққа тіркелгенде емес, күнкөріс қамына айналдырып алғандар жетіп артылады. Өйткені, айыпты зайыптылар арасында заңды ажыраспай жатып алимент тағайындалады. Әкеге не анаға. Әрине, баланың кімге қалатынына орай. Мұндай дүниені естіп, білген көп келіншек күйеуімен бірге тұрса да, алимент өндіріп отырар күйге жеткен. Көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Жуырда жарияланған Ұлттық бюро деректеріне сүйенсек, елімізде әрбір үшінші отбасы бар-жоғы 4 жыл ғана отасып, кейін айырылысып кетіп жатады екен. Бейбіт қоғамда жанұяға жауапсыз көзқарас жаппай үрдіс алуынан жетімдер үйі де жойылмай келеді. Бұл жаһан­дану кезеңіндегі жалпы әлемдік үрдіске айналды. Бала – қоғамның қорғансыз бөлшегі. Ақиқаты отбасы іргесінің ажырауынан ең алдымен бала зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді» деген осыдан ышғады.

Жалтарғандар жазасыз қалмайды

Күні бүгінге дейін қоғамда бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілікке қатысты заң бұзушылықтар жиі кезігеді. Соның бірі – алименттен қасақана жалтару дер едік. Баланың материалдық қажетін өтейтін міндетті төлемнен көк тиын татырмай тентіреп жүрген безбүйрек әке мен көкек аналар көбейіп барады. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері сот орындаушылар перзент алдындағы парызы мен қарызын өтеуден жалтарған шамамен 7 мың борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салған екен. Елімізде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қор­ғау – әлеуметтік-құқықтық саясаттың басым бағыты екенін ескерсек, борышкер­лерге «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі тура­лы» Қазақстан Республикасы Заңының 125-бабына сәйкес, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделгенін атап өткен жөн.
Бір жағынан, әкелер қауымын да түсінуге болады. Өйткені, алимент төлейтін әрбір әке бір баласы үшін өте көп қаржы төлеуге мәжбүр. Мәселен, жұмыссыз жүрген әрбір борышкер бір бала үшін 90 000 теңге төлейді. Бұл бір ғана перзенті үшін төлейтін қаржы. Енді үш-төрт баласы болса өздеріңіз есептеп көріңіздер. Ал, жұмыс жасайтындар да құр алақан қалмайды. Олар да бір баласы үшін жалақысынан 25 пайыз алиментін төлейді, екі баласы үшін 33 пайызын, ал, үш бала үшін 50 пайызын беруге мәжбүр. Бұл әкелер қауымын тығырыққа тіреу деген сөз. Мұндай жағдай жасалынатын әйелдер қауымы естісе ессіздері ажырасып тынатыны рас.

Аймақтағы ахуал

Жақында Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша бере­шек кейбір борышкердің букмекерлік кеңселерде ақшаға бәс тігіп жүргенін анықтапты. Биыл 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
– Балаға төленетін алименті бойынша берешегі бар бір борышкердің қарызы 5,2 млн теңгені құраған. Ол 2 млн теңгесін букмекерлік кеңседе ұтылған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Алимент қарызы толық өтелді. Содан кейін жәбірленушімен татуласып, ақтал­майтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасы.
Былтыр алты айдың нәтижесін саралаған Қызылорда облысының про­куратурасы букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға жалпы 250 млн теңге жұмсаған 150-ден астам алимент бойынша борышкерлерді анықтағанын хабарлады. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында Жаңа жыл түнінде 7 қылмыс ашылған. Аудандағы ахуал да жетісіп тұрғаны шамалы.
– Аудан бойынша борышкерлер саны 500-ден асқан. Соның биыл 30-дан астамы жауапкершілікке тартылды. 669 баппен сот орындаушылары жазаға тартты. 3 ер азамат қамауға алынды. Сонықдан алимент төлеу де керек, төл перзентің үшін бәрін беруге дайын болған абзал, – деді Қызылорда облыстық сот орындаушыларының өңірлік палатасы.

Қаржылар қалтаға ауыр тиетіні рас

Иә, тағдыр жазуымен екі жаққа ажырап кеткенімен мәрттігінен айнымаған әкелер де жетерлік. Алайда кей әкелер баланың қажеті үшін берілетін қаржыны өзге мақсатқа жұмсауды әдетке айналдырған аналарға өкпелі «Жан жарыммен ортақ шешімге келіп, ажырасқанымызға 4 жылдан асты. Сот баламды анасының қарауына қалдырды. Өндірісте жұмыс істеймін. Ай сайын 300 мыңнан астам ақша аударамын. Алайда сол ақшаны сән салондарын жағалап, туыс-туғанына үлестіріп жүргенін білдім. Балаларымның жібі түзу киім кигенін көрмейсің, олпы-солпы, өңі оңып кеткен. Әйелімнің бұл қылығы титығыма әбден тиді, сотқа шағымдандым. Қазір балаларымның қажетін өзім сатып аламын, қала берді артылған ақшаны қолына беремін», – дейді Арман есімді азамат.
Қасиетті Құранда: «Әйел мен ер, олар бірдей құқыққа ие, алайда жауапкершілік жағынан ер адам бір саты жоғары тұ­рады» делінген. Осыдан-ақ, отбасындағы əкелердің орны мен міндетінің жоғары екені аңғарылады. Алайда, арамызда өз қанынан жаратылған ұрпағын тірі жетім етіп, «көкек əке» атанғандар көбейіп отыр. Соның кесірінен, бүгінгі қоғамда алимент алуға мәжбүр болған бала мен сот орындаушыларын жағалаған аналардың саны арта түскен. Әке деген асқар тау өз баласын өзектен тепсе, басқасынан не қайыр?
– Барлық мәселені тағдырмен байланыстырып, маңдайға жазғанға жаба саламыз. Қыз тұрмысқа шығарда ажырасамын деп, жігіт жарты жолда жалығамын деп ойламайды. Бірақ, өмір арнамызда ажырасу деген жазу барын білмедік. Бес жыл бір емес, екі бірдей бесік тербетіп, қара шаңыраққа сәби үнін сыйладық. Ағайын-туысқа ат шаптырып, атойлап тойлаттық. Қуандық, сүйіншіледік, бес жылда берекеміз бес елі болды. Бірақ болмашы мәселелер отбасымызды ойранға айналдырды. Арамызға от салушылар да табыла кеткені бар. Не керек, некемізді тым ерте аяқтауға тура келді. Жұмыссыз анаға бала асырау оңай ма, бір жағынан жалдамалы пәтердің ақысы, коммуналдық төлемдер, бір жылдан астам уақыт үн-түнсіз болдық. Кейіннен алимент төлеу де жайына қалды. Сот орындаушылары істі созбалаңға салып, сылтаулар көбейді. Балалар болса үміт үзбей қайта-қайта әкелерін күтіп жүр, – дейді алименттің әлегінен әбігерге түскен жас ана.
Баладан жазбаша бас тарту және бала асырап алуды тоқтату сияқты ата-ана құқықтарынан айыру өз баласын асырау міндетінен босатпайды. Егер, бұрынғы ерлі-зайыптылар баланы ерікті түрде күтіп-бағу туралы келісе алса, онда олар атқарушылық құжатты қайтару туралы өтінішпен жүгіне алады. Алименттен бас тарту туралы өтінішпен сот орындаушысына жүгіну қажет. Төлемнен бас тартқаннан кейін қайтадан алиментті алуға талап ету мүмкін емес, өйткені тоқтатылған іс жүргізу қайта басталмайды. Егер, алимент төлеуге міндетті адамға қатысты қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталса немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетті адам отбасында лайықсыз мінез-құлық көрсеткен жағдайда, сот кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамға алимент өндіріп алудан бас тартуға құқылы.
Шыны керек, бүгінде борыштан құтылу үшін баладан біржола бас тартуды құп көретіндер қоғам қасіретіне, адамзат ауруына айналды. Туған баласының тұрмыс қажетін өтеуден жалтарғандар жеке кәсібін өзгеге рәсімдейді, кейде жұмыс берушімен келісіп, айлық жалақысын ең төменгі күнкөріс деңгейімен көрсетеді. Ата-ана парызына пысқырмайтын пысықайлардың қулығына құрық бойламайды. Әрине, тағдырдың сан түрлі бұралаңы тосын оқиғаларға толы. Алайда қай кезеңде де өмірдің асыл мұраты адамдықтан айнымау, ізгілікке иек артып, адал ғұмыр сүру болып қалмақ. Ақиқат айқын. Әке мен ананың перзент алдындағы басты парызы – саналы ұрпақ тәрбиесіне, бала бойына ізгі қасиеттерді дарыту, өнегелі іске өсиеттеуге аса жауапкершілікпен қарау. Өмірдегі осы ұлы құндылықты перзенттік парыз, адами қасиетті жоғалтып алмасақ болғаны...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
14 қаңтар 2025 ж. 77 0