№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сальмонеллез – бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін жіті жұқпалы ауру

Сальмонеллез – бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін жіті жұқпалы ауру


Инфекцияның қоздырғыштары – сальмонеллалар тұқымдасына жататын микроорганизмдер.
Инфекция көзі ауру адам немесе үй жануарлары, сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар болып есептеледі.
Адам инфекцияны науқаспен байланыста болған кезде немесе сальмонелламен зақымданған тағамдарды жеген кезде (негізінен жұмыртқа, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ көңмен ластанған көкөністер мен жемістер) жұқтырады. Балалар үшін көбінесе инфекция көзі оған қамқорлық жасайтын және тамақ дайындайтын анасы болып табылады.
Аурудың инкубациялық кезеңі 6 сағаттан 3 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Сальмонеллездің клиникалық белгілері іштің қатты ауырсынуымен, дене қызуының көтерілуімен, диареямен, жүрек айнуымен және құсумен сипатталады.
Өзіңізді сальмонеллезден қалай қорғауға болады?
1.Дәретханаға барғаннан кейін және тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
2.Тез бұзылатын өнімдерді сақтау шарттарын қатаң сақтаңыз.
3.Шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз
4.Рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет, ет өнімдерін, құс етін, жұмыртқаны, сүт өнімдерін сатып алмаңыз.
5.Жартылай шикі тағамдарды жеуге болмайды, ет тағамдары мен құс тағамдарын дайындау кезінде температура режимін сақтаңыз.
6.Дүкеннен әкелгеннен кейін жемістерді, көкөністерді, қарбыздар мен қауындарды, сондай-ақ тауық жұмыртқаларын ағынды судың астында мұқият жуыңыз.
7.Ас үй ыдыстарын мұқият жуып, қайнаған суға салыңыз.
Балалар арасында аурудың алдын алуға ерекше назар аудару қажет, бұл ретте аналар, әсіресе, өмірінің алғашқы жылында балаларды күту және тамақтандыру бойынша дәрігерлердің ұсынымдарын мүлтіксіз орындауы қажет.
Эпидемиологтар сальмонеллездің белгілері пайда болған жағдайда  өзін-өзі емдеуге болмайтынын, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керектігін еске салады!

Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
24 қазан 2024 ж. 305 0