№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жедел ішек ауруының алдын алу жайлы!

Жедел ішек ауруының алдын алу жайлы!

 
Жедел ішек ауруы — асқазан-ішек жолдарын  зақымдайтын жұқпалы дерт.  Микробтың адам ағзасына түскеннен бастап аурудың пайда болуына дейін 2 сағаттан 7 күнге дейін созылу мүмкін.
Ауру адамда асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен қатар әлсіздік, дене қызуы, іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту клиникалық белгілері болады.
Жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру.
Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі.
Бұл ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы, организмнің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты.
Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп, тарайды.
Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, яғни жуылмаған көкөністер, пісірілмеген сүт, сапасыз шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, лас суға түскен кезде жұғуы мүмкін.
Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.
Іштің жиі су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы.
Науқаста қайталамалы құсып, іш өткен сайын баланың жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өз тіршілігіне қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады.
Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастағаннан дәрігерге көріну керек.
Дәрігер келгенше мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкен дұрыс. Өздігінше емделу аурудың асқынуына әкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін.
 
Жедел ішек ауруын алдын-алу мақсатында:
1. Жеке бас және үй гигиенасын сақтау, дәретханадан, көшеден және үй жануарлармен қатынастан кейін қолды сабынмен жуу;
2. Ішуге, соның ішінде балалардың қоректену қоспаларын дайындауда сапалы ауыз суды пайдалану;
3. Баланы емізу және қарау кезінде жеке бас гигиенасын сақтау;
4. Тез бұзылатын өнімдерді және дайын тамақты сақтау мерзіміне қарай 2-6 °С температурасында сақтау;
5. Тамақ өнімдерді белгіленбеген жерден, қолдан сатып алмау;
6. Тамақ өнімдерді, соның ішінде ет және ет өнімдерін сатып алу кезінде сапасын куәләндіратын құжаттарды талап ету, сонымен қатар, сыртқы түріне, иісіне, мерзіміне және өнімдерді сақтау жағдайына көңіл аудару қажет. 

Ж.Шайхысламов,
Жаңақорған аудандық СЭББ-ң бөлім басшысы
23 мамыр 2024 ж. 185 0