№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТЫНЫШТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауда «Заң және тәртіп» қағидатын бірінші кезекке қоюында үлкен мән бар. Қоғамның идеологиялық және саяси бағытын айқындаған мәселе төңірегінде жүйелі бағыт-бағдар берген Жолдауда бұл тақырыпқа да басым-бағыт берілген.
Мемлекет басшысының ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тыйым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсысымыз жауаптымыз», – деп атап көрсету мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән берілетіндігінің айғағы болса керек.


Шынында, заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі. Елімізде заң үстемдігінің орнығуына қажет алғышарттар қалыптасып келеді. Өткен жылы құқықтық статистика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 32 пайызға төмендесе, осы көрсетікште Жаңақорған аудандық полиция бөлімі тәртіп сақшыларының да өзіндік үлесі бар.
Даңқты қолбасшы Б.Момышұлының: «Тәр­тіпке бағынған құл болмайды», – дегеніндей, барлық ортада әрбір азамат өзін әдепті, мәдениетті һәм тәртіпті ұстаса мемлекетте тыныштық орнап, істеген істе береке болып, адамдар арасында татулық орнайды. Ол үшін алдымен азаматтарымыздың зияткерлік әлеуеті мен құқықтық мәдениетін жаңа сапалық дең­гейде көтеруіміз керек. Мемлекетте заң мен тәртіп консо­лидациялық жобасы бойынша құқық бұзу­шылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдайды қалыптастыра білуіміз керек.
Ауданымызда құқық бұзушылық пен сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүйелі атқарылып келеді. Ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептерде кездесулер мен прафилактикалық оқу-семинарларды ұдайы ұйымдастыру нәтижесінде қоғам тыныштығы тұрақты. Нашарқорлықпен күрес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары толастамайды. Бұл әр шаңырақтың қауіпсіз өмір сүруіне жол ашады.
Қалыптасып отырған жағдайда кө­ше­де­гі келеңсіздіктер мен ұсақ құқықбұзу­шы­лықтан бастап кез-келген қылмыстық құқық бұзушылықтың дендемеуіне бүкіл қоғам болып ымырасыз күрес жүргізу міндет.
Пікірімді Президент Жолдау­ындағы мына бір сөзімен аяқтағанды жөн көрдім. «Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады». Осы бағытта мемлекет пен қоғам дамуының кепілі болып саналатын заң мен тәртіпті бас­ты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыруға әр азамат өз үлесін қосуға міндетті.

Нұрлан Ибраев,
Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі

17 қыркүйек 2024 ж. 417 0