№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алғашқы көмек

Алғашқы көмек

Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерін оқыту шеңберінде суға батқан адамға алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсету негіздері бойынша сабақтар өткізілді.
Оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері мен қағидалары кеңінен түсіндірілді. Судағы қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Жедел құтқару жасағы және Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері және Жаңақорған аудандық емхана қызметкерлері тәртіп сақшыларының қызметтік міндеттерінің ерекшелігін ескере отырып, алғашқы көмек көрсету ережелеріне тоқталды. "Қызметкерлеріміз алғашқы көмек көрсетудің негізгі құралдарымен танысты. Оның ішінде практикалық дағдыларды қолдануды пысықтады. Әрбір полиция қызметкері оқиға орнында жедел көмек көрсетуді талап ететін жағдайға тап болады. Медицина қызметкерлері оқиға орнына келгенге дейін адамдарға алғашқы көмек көрсетуі өте маңызды" деп атап өтті Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бұйрабеков Алтай Байділдаұлы.
Бүгінгі сабақ барысында полиция қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары мен қағидаларын, суға кету және басқа да жарақаттар кезіндегі бірінші кезектегі іс - қимылдарды орындауды үйренді.
21 шілде 2024 ж. 618 0