№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гаджеттің қоғамға зардабы

Гаджеттің қоғамға зардабы


Қоғам ілгері дамыған сайын технологияның қарыштауы, сайып келгенде, адамзаттың өркендеуіне жол ашады. Алайда, ұялы телефонға үңіліп, ақпарат алып қана қоймай, бүкіл асыл уақытын зая ететін жандарды көргенде телефон, гаджеттердің дамуы адамға тек пайда әкеледі деген ойға көлеңке түседі. Біз бүгін әлеуметтік желілердің қоғамға пайдасы мен зиян тұстарын саралап көрелік.


Қазіргі таңда, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін әлеуметтік желінің құрбаны деп айтуымызға болады. Осы күні әлеуметтік желілер (инстаграм, тик-ток, ютуб, т.б) мен ұялы телефон өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай. Бұл интернет желілерінің пайдасы жоқ деген сөз емес. Бірақ, мұның аражігі адамның оны өз игілігіне пайдалану деңгейіне байланысты. Осы жағын ескермегендіктен кейде есіміз кетіп, есіл уақытымыздың бәрін қолымыздағы құрылғыға үңілуге арнап уақыттың қалай өткенін байқамай қалатынымыз тағы бар. Жай ғана бір ақпарат білу үшін немесе әлдебір іздеген дүниені шолып шығу үшін сағаттап құртқан уақытымызды өзіміз аңғармай қаламыз. Әрине, ол сізге пайда әкелетін дүниеге кеткен уақыт болса ештеңе емес қой. Алай­да, кей кездері әлеуметтік желідегі пайдасыз дүниелерге телміріп, уақытымызды текке құртамыз.
Әлеуметтік желілер бізді қоғамнан, тұр­мыс-тіршіліктен алыстатып, виртуалды әлемге жетелейді. Бұл дегеніміз, біз қоғам арасындағы байланыстан біршама алыстаймыз.
Бұдан зоры не, білесіз бе?! Әлеуметтік желі ойындарына алданып, өз-өзін өлтіріп жатқандар туралы да аз естіп жатқанымыз жоқ. Бұл әлеуметтік желінің зиянды жақтарының ең қауіптісі десек, қате емес. Түрлі ойындардың қақпанына түсіп, өз өмірлерін қиып жатқан жасөспірімдер тағдырына денең түршігіп, көңілің құлазиды.
Біз үздіксіз қолданатын әлеумет­тік желі мен ұялы телефонның денсаулығымызға кері әсерінен бөлек, зияны шаш етектен екенін білсек те, қолданыстан шектей алмайтыны­мыз белгілі. Себебі, желі қолданушыла­ры күн санап артып келеді. Зиянын көзбен көріп, құлақпен естіп отырған күннің өзінде, қолданушылар саны көбейіп жатқаны алаңдатарлық жағдай. Бірақ, әлеуметтік желіні өз керегіңізге пайдалану әлдеқайда тиімді.

Медина Абдраманова,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

08 маусым 2024 ж. 154 0