№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жемқорлық – індет, бірлесіп күресу міндет

Жемқорлық – індет, бірлесіп күресу міндет

Қоғамдағы көкейтесті де өзек­жарды проблемаға ай­налып отыр­ған сыбайлас жемқор­лық – ел ішіне білінбей кірген індет секілді. Бұл кеселге бүгіннен тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтыны ақиқат.

Сыбайлас жемқорлықпен тү­бе­­гейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауаттылығы бекемделуі тиіс. Мемлекеттік саясаттың негізі басымдықтарының бірі – жемқор­лықпен күресу болып табылады. Ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ке­рек. Қарапайым тілмен айтатын бол­сақ, бұл дерттің түбінде қызметтік дәре­жесін жеке бас мақсатына пайдалану пыйғылы көрініс береді. Осы келеңсіз құбылыстан келешек буынды сақтандыруда сана тазалығы, рухани сабақтастықтың тағылымы үлкен рөл атқарады. Өркениетті елдер бұл бағытта кешенді жоспар құрып, нақты қадамдар жасауда. Әрбір салаға салмақ түсіріп, қатаң бақылауға көшкен. Біздің ел де өркениет көшінен қалмай, межелі міндет үдесінен көрінуі тиіс. Бұл мемлекетке ғана емес әрбір аза­матқа парыз.
Сондықтан ауыл-аймақ, елді мекенде еңбек етіп жүрген сан саланың мамандары, оның ішінде әлеуметтік сала қызметкерлері бұл індеттен бойды аулақ ұстаған жөн. Кеселдің жолын жоюдың алғышарттары әрқашан назардан түспеуі тиіс.

Ақылмұрат ЖҰМАДІЛЛАЕВ,
Сунақата ауылдық
округінің әкімі
21 мамыр 2024 ж. 279 0