№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Терезеден құлаудың алдын алайық

Терезеден құлаудың алдын алайық

Облысымызда ауа райының жылуына және балалардың ата-аналарының қарауынсыз қалуына байланысты көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен, балкондарынан құлап кету жағдайлары көбеюде.

Ата-аналардың немқұрайлы қарауы себебінен ағымдағы жылғы 5 айдың өзінде облыс бойынша балалардың терезеден құлауының 8 фактісі тіркелген. (2023 жылы -14 бала терезеден құлап, оның ішінде 1 бала қаза болды)
Қазіргі таңда 8 баланың 3-еуі жансақтау бөлімінде жатыр, 5 бала денсаулығының жақсаруына байланысты үйіне шығарылған.
Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі: ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы, көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінде қауіпсіздік құлыптарының болмауы, москит торларының берік бекітілмеуі және балалардың терезе алдында ойнауы.
Балалардың биік ғимараттардың терезелерінен, балкондарынан және шатырларынан құлауымен байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу және балаларға жақсы өмір сүруіне қолайлы ортаны құру мақсатында көп қабатты үйлердің тұрғындарына және меншік түріне қарамастан барлық білім беру ұйымдарының басшыларына балалардың терезе алдында ойнауына жол бермеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнатуға шақырамыз.

Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
19 мамыр 2024 ж. 437 0