Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Оқуға құштар колледж»

«Оқуға құштар колледж»


Жаңақорған аграрлы –техникалық колледж кітапханасының кітапханашысы Маржан Ускенбаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Шолпан Абдраимованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесінің желісінде «Әдеби сот» іс шарасы өткізілді.
Тақырыпқа сай өткен әдеби соттың мақсаты: Біздің классикалық әдебиеттеріміз бізге көп нәрсені үйретеді: адамдарды түсіну және бағалау, жаман істер жасамау, белгілі бір жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету.
Пән оқытушысы Ш.Абдраимова бүгінгі әдеби соттың тақырыбы мен мақсатын студенттерге түсіндірді. Әдеби іс-шараға №56,№55 топ студенттері қатысып Соттың рөлінде Лесбек Мақсат, проурордың рөлінде Мұхамеджан Нұрсаян, хатшының рөлінде Қалыбекова Жұлдызай , баланың атасының рөлінде Қаппаров Сержан,куәгерлерінің рөлінде Уайт Перизат, Анарбай Арсен, қорғаушысының рөлінде – Бақытханұлы Медетхан ойнады. Сот барысында баланың өліміне атасы ма, әлде анасы ма кінәлі деген ойды талқылады. Соңында екі тараптың да кінәсі жоқтығы анықталып сонымен іс жабылды. Шара соңында кітапханашы Маржан Ускенбаева студенттерге шығармадан түйген ойларын ортаға салуларын сұрады. Шараға қатысушы студенттердің ойлары екіге жарылып, бірі баланың өліміне атасының айтқан өтірігі себепші болды десе, келесі жақ баланың анасын кінәлады. Сонымен талқылау барысында өтірік айтпас бұрын өтіріктің салдарына аса назар аудару қажет деген тұжырымға тоқталдық. Жалпы әдеби сот өт е әсерлі өтті.
29 сәуір 2024 ж. 728 0