№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Рейд жұмысы жалғасуда

Рейд жұмысы жалғасуда

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданы әкімдігі жанынан құрылған жедел топ әр аумақта күшейтілген түнгі рейд жұмыстарын өткізуде. Рейдтік жұмыстарға аудан әкімдігі, аудандық полиция бөлімі, білім бөлімінің қызметкерлері мен мектеп директорлары, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысып, ойын-сауық мекемелерінде (компьютер, PS орталықтары), көңіл көтеретін орындарда заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.



Естеріңізге сала кетсек, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз балалар мен жасөспірімдер ойын-сауық мекемелерінде тек сағат 22.00-ге дейін, ал көшеде сағат 23.00-ге дейін болуға рұқсат етіледі. Егер, бұл талап сақталмаған жағдайда, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу немесе білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-ана жауапкершілікке тартылады.
21 сәуір 2024 ж. 575 0