Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Киелі табиғат кедергіні сүймейді

Киелі табиғат кедергіні сүймейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына жағдайларына байланысты халыққа жариялаған Үндеуінде саладағы кемшін тұстарды да баяндап атап өтті. Биылғы су тасқыны барлық аймақта осы бағытта жұмысты жүйелеуге жол ашып беріп отыр. Бұл жерде тыңнан жаңалық ашудың қажеті жоқ. Бұрыннан шаруашылықта келе жатқан тәжірибені тірілтіп, табиғат-анаға қамқорлықты арттырып, оның әрбір тыныс-тіршілігіне тереңірек үңілуге тура келеді.
Шындығына келгенде, кейінгі кездері елді мекендер айналасындағы су жүретін жүйені көзден таса қылмай бақылап-бағдарлап отырудан кері кетіп қалған сияқтымыз. Соның салдарынан су жүретін жолдардың үстінен құрылыстар салынып кеткендіктен оның кей тұстарының көзі бітеліп, жүрер жолының бөгелген жағдайы да мәселе туындатып отыр.
Өзіміз тұратын аймақта Қаратаудан келген судың ауылды айналып өтіп дарияға құюына жағдай жасау өте маңызды. Осыдан төрт-бес жыл бұрын таудың құлаған қарғын су жолай Шалқияның трассасына тіреліп, ауылды су алып кете жаздаған жағдай болған, сол кездері суды Жайылманың жанындағы жүйемен бұрып отырып дарияға құюына жұмыс жасалды.
Міне, табиғаттың талабына да сергек күтім, жауапты көзқарас керек. Дарияның бөгетін де бекемдеп, күтіміне көңіл бөлу маңызды.Ауылдың маңайындағы тоғандарды суға толтырып алып, жазғы егінге пайдаланудың ұтымдылығы қандай.
Мемлекет басшысының осындай сындарлы сәтте кәсібимамандарға талапты күшейтуі халықтың да көңілінен шығып отыр. Табиғатқа қамқорлықты әсте кемітуге болмайды.

ЕрғалиОразбеков,
Ауылшаруашылығы саласының ардагері.
06 сәуір 2024 ж. 278 0