Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Көп мәселені реттеу керек»: Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласында мамандар тапшы екенін айтты

«Көп мәселені реттеу керек»: Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласында мамандар тапшы екенін айтты

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты үндеу жариялап, саладағы кемшін тұстарға тоқталып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол өз сөзінде алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек екенін, яғни жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажеттігін айтты.

«Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет.Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет», - деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысының орынбасарларына да арнайы тапсырмалар берді.

«Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс», - деді Мемлекет
06 сәуір 2024 ж. 269 0