№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Біздің күшіміз бірлікте

Біздің күшіміз бірлікте


Елімізде орын алып жатқан жағдайлар жанымызға батып, қабырғамызды қайыстырып барады. Әрине алапат апатпен арпалысу оңай емес. Табанынан тік тұрып, түн ұйқысын төрт бөліп жүрген ағайынға Алла сабыр, күш-жігер берсін. Төтеннен келген тосқыннан зардап шегіп жатқан бауырларға бар көмекті жеткізуге қазақ елі тырысып бағуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуін де жариялады. Оқыдық, онда көп нәрсе айтылды. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. 
"Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.
Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі.
Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі", – деді мемлекет басшысы үндеуде. 
Айта кететіні, Жаңақорғаннан Ақтөбеліктерге жиналған гуманитарлық көмек бірнеше күн бұрын аман-есен жетті. Әлі де жерлестер жұмыла қолдау көрсетуге дайын. Біздің күшіміз бірлікте.

Ақмарал МАЛИКОВА,
аудандық мәслихаттың депутаты.
06 сәуір 2024 ж. 163 0