Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Президент қатаң сөгіс жариялады

Президент қатаң сөгіс жариялады

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді. Кеңесте Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмағанын айтты.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді.
Сондай-ақ Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының  әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды.
Жиын барысында Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, зардап шеккен барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты.
Төтеннен келген табиғаттың тосын мінезі қаншама елді мекенді әлі де әбігерге салуда. Күштік құрылымдар жұмылғанымен сел әлі де басылар емес. Ең бастысы, адам шығыны болмаса деп тілейміз!
31 наурыз 2024 ж. 339 0