№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды»: Тоқаев 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны болғанын айтты

«Мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды»: Тоқаев 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны болғанын айтты

Фото:Akorda
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты ел халқына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстан президенті өз сөзінде зардап шеккен өңірлерде әкімдіктер мен мыңдаған ерікті жұмыс істеп жүргенін айтты. Тоқаевтың сөзінше, қазіргі су тасқыны – Қазақстандағы 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны.
Біз қиындықты еңсереміз, бәрін қалпына келтіреміз. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарымызға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Материалдық шығындарды өтейміз», – деді президент.
Тоқаев Қорғаныс министрлігіне су тасқыны аймақтарына қосымша әскери күш жіберуді, ал үкіметке материалдық резервтерді броннан шығаруды бұйырды. Ел басшысы су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына мемлекет материалдық шығындарды өтеп беретініне сендірді.
Сондай-ақ Тоқаев БАҚ, қоғам белсенділері мен мен блогерлерді тек ресми ақпарат таратуға шақырды.
Президент үндеуі барлық республикалық арналардан бүгін сағат 13:00-де көрсетілді.
Айта кетейік, бүгін президент Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесті. Облыс басшысымен сөйлесу барысында президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.
Еске салайық, биылғы наурыз айының аяғынан бері Қазақстанның көптеген өңірінде су тасқыны болып, мыңдаған адам эвакуацияланған. Президент Батыс Қазақстан облысындағы су басқан аймақтарға жұмыс сапарымен барып, халықпен кездескен.
Қазақстанның Төтенше жағдай министрлігі бүгінгі, 6 сәуірдегі жағдайды баяндады:
Су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 171 жеке тұрғын үй және 179 аула аумағы су астында қалуда. 1 451 үй мен 1 319 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 46 755 адам, оның ішінде 14 589 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 60 мың ауыл шаруашылығы жануары айдалды. Бұл ретте әуе кемелерімен 2 602 адам, оның ішінде 759 бала эвакуацияланды. Уақытша орналасу пункттерінде 12 541 адам, оның ішінде 6 439 бала бар. 7 млн. м3 (өткен тәулікте 344 мың. м3) еріген қар суы сорылды, 900 мың қап (өткен тәулікте 52 мың)  және 969 мың тонна инертті материал (өткен тәулікте 20 мың тонна) төселді. «Жедел желі» телефонына 902 қоңырау түсті. 
Су шайған 86 автожол, оның ішінде 4 көпір және 82 жол төсемі, су жүрген 114 автожол бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 70 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.
Ақтөбе облысында Қарғала өзенінде деңгейдің көтерілуіне байланысты Ақтөбе қаласы Алматы ауданының бау-бақша ұжымдарынан 106 адам, оның ішінде 33 бала эвакуацияланды. Сондай-ақ, Хромтау ауданындағы еріген сулардың ағуына, Магаджан бөгетінің толып кетуіне және проранына байланысты Алға ауданының Бесқоспа және Қызылту ауылдарының су басуы мүмкін аймағында 200 адам, оның ішінде 80 бала Бестамақи ауылының эвакуациялау пункттеріне және туыстарына  эвакуацияланды. Су деңгейі төмендеді.
Атырау облысында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының Құлсары қаласында. Жадырасын шағын аудан, Әуежай, Вахталық, №2,3,5 су астында қалды.  Алдын ала 2500 жеке тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды су басу орын алды, 13 915 адам, оның ішінде 4 724 бала эвакуациялау пункттеріне эвакуацияланды, электрмен жабдықтау өшірілді.  
Қостанай облысында қардың қарқынды еруіне және елді мекендерді су басу қаупіне байланысты Қарасу ауданының Қарасу, Қарамырза, Шығыс ауылдарында, Қарабалық ауданының Святославка ауылында, Амангелді ауданының Қосжан ауылында, Алакөл қыстауында, Әулиекөл ауданының Көктал ауылында, Қостанай ауданының Тобыл қаласы Алтынсарино ауылында, Б.Майлин атындағы ауданның Николаевка ауылында, Қостанай қаласы «Садовод», «Дорожник», «Мичуринец» бақша қоғамдарында 534 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 193 бала және ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 8,6 мыңнан астам адам, 1,7 мың техника, 411 су айдау құралы және 65 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды.
06 сәуір 2024 ж. 211 0