№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Баланы бірлесе тәрбиелейік

Баланы бірлесе тәрбиелейік


Жеке тұлғаның адами болмысының қалыптасуында мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы маңызды роль атқарады. Осы бағытта мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасы қолға алынған. Соның бірі 3а сынып жетекшісі Ә.Омарованың ұйымдастыруымен «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?» тақырыбында ата-аналармен өткізген тренингке әріптестері үлкен баға берді.


Балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуальдық ойындар мен жаттығу дағдыларының сан түрлі тәсілдері бар. Тренингте ата-аналар осы әдіс-тәсілдермен танысты. Мұғалім «эрудиция» «интеллект» сөздеріне мағына беріп, жан-жақты ұғындырды. Одан әрі «тапсырма ойынға» кезек берілді. Бұл ойын асықпен ойналады, ата-аналар өз топтарына түскен сұрақтарды семантикалық карталарға белгілеп, жауаптарын плакаттағы орналасқан ретімен айтып шықты. Келесі ойын «Тек көңілді сөздер» деп аталды.
Ата-аналар тек көңілді сөздерді айтады. Мұнда бірі айтқан сөзді екінші қайталамауы керек.
«Сергіту» сәтінде ата-ана­лар белсенділік танытты, «ойын­хана» бөлімінде ата-аналар кар­дон қағаздан түрлі геометрия­лық фигуралар қиып, одан әртүрлі заттардың бейнесін жасап, «танграм» ойыны, одан әрі видеороликтер арқылы ата-аналармен «нейрожаттығулар» жасалды. Тәжірибелі ұстаз ата-аналарға балалармен үйде жұмыс жасаудың осындай әдістерін ұсынып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Тренингке ат­салысқан барлық ата-анаға алғысын айтты.
Бұл да бір жаңашыл бастама. Ұлттық құндылықтарды жоғалт­пай бала тәрбиесіне көңіл бөлуге мұғалім мен ата-ана бірдей мүдделі болғанда нәтиже болады», – деді мектептің тәрбие ісі орынбасары А.Біжікеев.
Оқу ошағында «Біртұтас тәр­бие беру» бағдарламасы бойын­ша «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» «Даналық мектебі» сынды іс-шаралар жыл аяғына дейін жалғасатын болады.
Бүгінгі шараны ұйымдастырған, «ҚР Білім беру ісінің үздігі», қы­рық жылдай еңбек өтілі бар ұстаз Ә.Омарованың өзі әрбір бала жа­рық жұлдыз, сондықтан оның бойындағы білімі мен қабілетін аша отырып, жасөспірімдерді ұлт­тық құндылықтармен сусында­та білу­де шығармашылық ізденіс керек, – деген ұстанымынан жаңыл­майтынын айтады.

Жәмила Ермахан

24 ақпан 2024 ж. 520 0