№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Медиация тәртібі: 4 азаматтық іс аяқталды

Медиация тәртібі: 4 азаматтық іс аяқталды

Жаңақорған аудандық сотында 1 күнде, яғни 23 қаңтар күні 4 қарыз ақша талап қою туралы  азаматтық істер медиация тәртібімен тоқтатылды.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшылар жауапкерлерден қарыз ақша өндіру талаппен жүгінген.
Даулар бойынша қоғамдық негіздегі медиатор тарапынан сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесінде сотқа дейінгі хаттама жасалынып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерге келген.
Медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттары бойынша,  талап қоюшы қарыз ақша туралы талап қоюынан бас тартса, ал жауапкер қарыз ақшасын толық төлеуге міндеттенді.
Аудандық соттың ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, аталған азаматтық істер тоқтатылды.
Бұл өз кезегінде медиацияның тараптар арасындағы дауларын шешудегі тиімді тетік екенін көрсетеді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
31 қаңтар 2024 ж. 686 0