№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бір күнде екі азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Бір күнде екі азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы Т., жауапкер Ж., некелік қатынас тоқтатылғанын, балалары өзінің тәрбиесінде екенін, араларындағы ортақ мүліктен ақшалай үлесін өндіру жайлы талаппен сотқа жүгінген.
Ал келесі іс бойынша талап қоюшы "Эксперт Плюс" Коллектірлік агенттігі ЖШС жауапкер А-дан келісім шарт бойынша қарыз ақша өндіру жайлы талаппен жүгінген.
Сотқа тараптардан істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздар және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініштер түскен.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттары бойынша, жауапкерлер қарыз ақша және ортақ мүліктен ақшалай үлесін өзара келісілген уақытта төлеуге міндеттенген, талап қоюшылар талап қою арыздарынан бас тартқан.
Соттың ұйғарымдарымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Бұл өз кезегінде медиацияның тараптар арасындағы дауларды шешудегі жақсы мүмкіндік екенін білдіреді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
30 қаңтар 2021 ж. 925 0