№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Айыппұл арқалады

Айыппұл арқалады

Жаңақорған аудандық сотында азаматша М-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта, құқық бұзушы М. кәмелетке толмаған ұлы Е. бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, жәбірленушімен татуласуына байланысты, ақталмайтын негізде қылмыстық іс тоқтатылғанын, М. ата-ана ретінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны анықталды.
Сотта қарау барысында құқық бұзушы М. кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған баласының тәрбиесін қолына алғанын көрсетті.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 48300 теңге айыппұл салынды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
30 қаңтар 2024 ж. 624 0