Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Камквамбаның кереметі

Камквамбаның кереметі



«Мальчик, который обуздал ветер». Бұл – режисер Чиветел Эджиофортің шынайы оқиға желісі бойынша түсірген фильмнің атауы. Африканың Малави еліндегі шағын ауылда туып-өскен Уильям Камквамбаның білімге ынты-ықыласын арқау етеді.
Малавидегі мектептер ақылы болғандықтан жасөспірімнің білім алуға мүмкіндігі аз еді. Уильямнің орта мектепке төлейтін қаржысы болмағандықтан оқудан шеттетіледі. Бірақ білуге, оқуға құштар ол мектептің кітапханасына жиі барып, өз бетінше білімін жетілдіруге көңіл бөледі.
Кітапханадан «Энергияны пайдалану» кітабын тауып, күндіз-түні электр өндірудің жолын зерделейді. Себебі малавиліктер егіннен өнім жинауда маусымдық жауын-шашынға иек артатын-тұғын. Сол жылғы құрғақшылықтан әбден тарыққан оның ауылдастары әбден тығырыққа тіреледі. Егін-жайдағы өскіндер қурап, елді мекен тұрғындары шығынға батады.
Уильям тығырықтан шығудың жалғыз жолы – электр энергиясын өндіріп, аяқ суды насос арқылы тартып, егінді суару деп біледі. Сөйтіп, 14 жастағы өнертапқыш ғылым негіздерін өз бетімен меңгере бастайды.
Ақыры желден электр энергиясын өндіретін құрылғыны құрастыруға бел буып, қоқыс үйіндісінен қажетті заттарды іздей бастайды. Мұны көрген ауылдастары оны «ақымақ», «жынды» деп мазақ етеді. Уильям алған бетінен қайтпай жарамсыз велосипедтің, трактор желдеткішінің қалақшасын, ескі амортизатор, генератордан жел энергиясын алатын құрылғыны құрастырады. Сөйтіп, үйіне жарық кіргізіп, құрғап қалған жерге судың келуіне себепкер болады.
Бұл оқиға туралы журналистер біліп, өнертапқыштың тәжірибесі туралы сүйіншілейді. Бұл хабар әлемнің түкпір-түкпіріне тез тарап, малавилік ізденімпаздың танымалдылығын арттырады. Содан кейін Уильямнің өмірі өзгереді.
TEDGlobal бағдарламасының нигериялық директоры Эмек Окафор жас жігітті халықаралық конференцияға өз корпорациясының стипендиаты ретінде жібереді. Шараны ұйымдастырушылар өнертапқыштың талантына қатты таңғалып, құрмет көрсетеді.
Уильямнің: «Тырыстым. Қол жеткіздім!» деген сөзі TED конференциясының ұранына айналды.
TED конференциясынан кейін Уильям Камквамбқа Малави Республикасының астанасы Лилонгведе орналасқан жеке мектепте тегін оқуға мүмкіндік берілді.
Көп ұзамай ол Йоханнесбургтегі (Оңтүстік Африка) Африкалық көшбасшылық академиясына шақырылады. Екі жылдық оқуды тағы да TEDGlobal бағдарламасы тегін қамтамасыз етті. Мұнда дарынды студент оқуға ғана емес, өз білімін өмірге енгізуге де ұмтылады.
Оқу кезінде жел диірменін жетілдіріп, өз ауылына үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуіне күш салады. Энергияны өндіру мен сақтаудың үлкен мүмкіндігінің арқасында оның үйіне артезиан құдығынан су тартылып, Уильямді «ақымақ» деген жерлестері шелектеріне ауыз су алу үшін кезекке тұрады.
Өйткені ең жақын су көзі 45 минуттық жерде еді.
Уильямнің талпынысы мен талабынан туған электр қуатын өндіретін қондырғыдан тұрақты жарық алынып, енді маусымдық жаңбырды күтпей-ақ, жылына екі рет жүгеріден мол өнім алуға қол жеткізіледі.
Ол Африканың көшбасшылық академиясында күн технологиясын оқыған студенттер тобын басқарады. Том Реалимен бірге жел генераторын жасаумен және оның бүкіл ауылын электрлендірумен айналысатын NPO Mobile Windmills компаниясын құрады.
Ауылдағы тұрғын үйлердің төбесі сабаннан емес, күн батареясы қойылып, одан суды соратын электр сорғысын қосуға мүмкіндік алды. Мұның бәрі шаруаларға үмітсіз кедейліктен құтылуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Ол өзі оқи алмаған ауыл мектебін қайта құрылымдау мән беріп, балалардың тегін білім алуына жол ашты. Өйткені шығынның көп бөлігін өз мойнына алды.
«Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп» деген ұлағатты осындайда айтылса керек-ті. Жұртын білімге, ғылымға, еңбекке үндеген Абай «Ғылым таппай мақтанба» дейді.
ХХІ ғасырда адами капиталды дамытқан ел озады дегенді жиі айтамыз. Бірақ адамның ғылыми-шығармашылық потенциалын бағалап жүрміз бе? Өнертапқыш, білімділерді қаншалықты қолдап жүрміз?

                                                                                                                                                Нұрлат БАЙКЕНЖЕ
19 қаңтар 2024 ж. 281 0