№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӨРКЕМ ЕҢБЕК – БАЛА БОЛАШАҒЫНА БАҒДАР

КӨРКЕМ ЕҢБЕК – БАЛА БОЛАШАҒЫНА БАҒДАР

Қазіргі таңда ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де көбейіп, тармақталып жатыр. Солардың бірі – көркем еңбек пәні. Мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу қашанда кезек күттірмейтін міндет екені айдан анық. Абай атамыз өзінің қара сөзінде айтқандай, “Мал жұтайды,өнер жұтамайды.Алдамай өз өнерін сатқан қолөнерші- қазақтың әулиесі сол адам”. Сондықтан, бұл пәннің бала болашағы үшін берері мол. Тек нақты міндеттер қоя білсек болғаны.
Қазіргі көркем еңбек сабағының кілті – ол еңбек. Бұл сабақта балаға қарапайым «Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйретіп келеді. Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» сабағы «Технология. Көркем еңбек» болып өзгеруде. Шыны керек, мектеп бағдарламасына еңбек сабағы өте қажет. Баланы еңбекке баулу тәрбиенің бастауы. Мәселен, Жапонияда балалар 5-сыныптан бастап техниканы тілін тереңірек мегеруді бастайды, тіпті үлкен сыныптарда ғылыми жобаларын қорғап, шағын кәсіп ашуға бейімделеді. Ал, бізде оқу бітіріп, диплом алған соң ғана ойлануды бастаймыз. Олар мектептен бастап, еңбекке ерте араласады. Жалпы мектептер мен өзге де білім беру ошақтарында оқытылатын көркем еңбек пәні мен пәндік қолөнер үйірмелері оқушының жеке басының дамуында маңызды рөл атқаратыны баршамызға белгілі. Көркем еңбек сабақтарында оқытылатын сәндік-қолданбалы өнері оқушылардың қызығушылық шеңберін кеңейтуге, эстетикалық тәрбие беруге, ойлау қабілеттерін арттыруға, өнерді түсіне білуге, суретшілік қабілеттерін дамытуға елеулі септігін тигізеді. Көркем еңбек сабақтарында оқушыларда өнерсүйгіштік, талғампаздық, ұқыптылық, төзімділік, ізденімпаздық, еңбекқорлық қасиеттері пайда болады. Қолданбалы өнермен айналысу барысында оқушылар қоршаған әлемнің таңғажайып көрінісі мен табиғат сұлулығын мата, былғары, ағаш, киіз, қаңылтыр, тас, тері, былғары және тағы да басқа материал беттеріне түсіруді үйренеді. Қорыта айтқанда, «Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз, балалардың білімге құштарлығы өте жоғары, тек бағытын дұрыс жолға сала білген ұтады. Егер баланың бойындағы талант пен талапты теңестіріп, арнаға сала алмасақ, онда ұтатыннан ұтыларымыз көп. Еңбексіз өскен бала, ескексіз жүзген қайық деп, дана бабаларымыз бекер айтпаса керек. Қалғаны уақыттың еншісіне қалдырайық.

Гүлжанат ЖҮСІПОВА,
№110 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәнінің мұғалімі
04 қаңтар 2024 ж. 286 0