№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еңбекке баулу – тәрбие көзі

Еңбекке баулу – тәрбие көзі

«Адамды адам еткен – еңбек». Қоғам да  сол ерен  еңбек арқасында ілгері жылжып, дамып отырады.   Дамыған елдер қатарына қосылу, экономиканы қалыптастыру үшін де жастарды мектеп қабырғасынан еңбекке баулып отыру керек. Бала жас шыбық тал секілді, қалай отырғызса солай бет алып өседі. Баланы да жастайынан еңбекке үйрете отырып тәрбиелесек, өскенде өз жемісін береді. Қазір жаңа технологиялар кезеңі, компьютерлік технологиямен жұмыс жасайтын кез деуі де мүмкін. Ол да керек шығар, әйтсе де оның да өз орнымен, шекті уақытымен болу керексияқты. Құрылғы алдында сағаттап отырубала денсаулығына зиян  екенін бәріміз де білеміз. Оны айтып та жүрміз. Десек те, балалардың электронды құрылғыға көп уақыт жұмсап, бос уақытын қозғалыссыз өткізетіні ата-аналар қауымын да алаңдатып отырған мәселе. Ал қол еңбегі керісінше спорт секілді баланың  денсаулығын нығайтатыны айтпаса да түсінікті. Еңбек-әрбір баланың эстетикалық талғамын өсіріп, әдемілікке, ізденімпаздық­қа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелей отырып, еңбектің наны тәтті екенін ұғындырып, бардың қадір-қасиетін біліп өсетінін дана халқымыз әу бастан айтқан. «Ерінбей еңбек етсең шыдап егер, тікен де гүлге айналып шыға келер», «Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» деген мақал соған дәлел емес пе? Ал  мұндай қасиеттерге ие болған бала ортада өзін ұстамды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, тәртіп пен құқық бұзушылыққа да бармайтынын, обал мен сауапты біліп өсетінін айтуымыз керек. Ал  бұл өз кезегінде  ата-ананың бала тәрбиесіндегі ең үлкен жетістігі деп ойлауымыз керек.
Еңбекке  баулу – баланы өмірдің  қиын сәттерінен шығу жолдарын  таба білуге де үйретеді.  Жасыратыны жоқ, үйінде бір шеге қағу үшін көмекке адам шақырып жататындар аз емес. «Үйдің егесін танығың келсе, ауласына қара» деген сөз бар халық арасында. Шаруаға бейім боп өскен жандардың үй- жайы тап- тұйнақтай, жинақы екенін көрсетеді. Еңбекке баулу баланы ең болмағанда  өз үйінің шаруасын орындауға дағ­дыландырады. 
Сондықтан, ұл-қызымызды  жастай­ынан еңбекке үйрету, жүректеріне иман ұялатып, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу – еліміздің болашағы жастардың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесіміз.
 
Ерман Ахметов,
№51 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
13 наурыз 2022 ж. 993 0