Соңғы жаңалықтар

№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Google белсенді емес аккаунттарды өшіре бастайды

Google белсенді емес аккаунттарды өшіре бастайды



2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Google екі жылдан астам пайдаланылмаған аккаунттарды өшіре бастайды, деп хабарлайды  Kazinform
Google белсенді емес есептік жазбалар саясатына сәйкес, жұмадан бастап белсенді емес аккаунттарды жоя бастайды.
Компания «құрылып, ешқашан пайдаланылмаған» аккаунттардан бастап кезең-кезеңімен өшіріп отыратынын атап өтті.
Мамырда интернет алыбы ескі аккаунттарды бұзу жеңіл екенін, себебі олар ескі құпиясөзбен қорғалғанын және көбінде қос факторлы сәйкестендіру жоқ екенін мәлім етті.
Біреу үшін жұмысы немесе оқу орны ашқан есептік жазбаларға тиіспейді.
Есептік жазбаны өшірмес бұрын аккаунттың электронды поштасы мен қосымша мекенжайына ескерту жіберіледі.
Аккаунтты сақтап қалу үшін оған кіріп, Google сервистерінің кез келгенінде белсенді болу қажет. Мәселен, электронды хаттарды оқу немесе жіберуге, Google Drive, Google Play пайдаланып, YouTube-тағы видеоны көруге болады.
Есептік жазбаны тұрақты қолданып отырған аккаунттарға қауіп төнбейді.
02 желтоқсан 2023 ж. 385 0