Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халыққа адал қызмет – абыройға жеткізеді

Халыққа адал қызмет – абыройға жеткізеді

Мемлекеттік қызметші болу менің көптен бергі арманым еді. Аудандық сотта бір жарым жылдай қоғамдық негізде қызмет етіп, жеті ай уақыт адвокаттың көмекшісі болдым. Сөйтіп, мемлекеттік қызметшілікке өту сынағын жоғары ұпаймен тапсырып, алға бір қадам басқаным әлі есімде...

Араға ұзақ уақыт салмай Жаңақорған аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы болып қызметке орналастым. Одан әрі аудандық соты кеңсесінің бас маман – сот отырысының хатшысы болып қызмет атқарып келемін.

Мемлекеттік қызметкер болу зор құрмет, ол халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір қызметін атқаратындықтан бұл өте жауапты. Мемлекет үнемі заман ағымына сай дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін әрқашанда бейімделуге қабілетті болуы шарт. Заманға сәйкес жаңғырып, жаңару міндетіміз.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» – дегендей, ең алдымен адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс деп ойлаймын. Мысалға келтіретін болсам, сот саласының мамандары, мемлекеттік қызметші сотқа келген адамдарға сыпайылық көрсетіп, әдепті сөйлеу арқылы қоғамның сотқа деген сенімін арттыра түседі. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер мемлекет беделіне нұқсан келтірмей жұмысын мінсіз атқаруы тиіс.

Алма Оразбаева,
Жаңақорған аудандық соты
әкімшісінің бас маманы, сот отырысының хатшысы

09 қаңтар 2024 ж. 392 0