№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

Мемлекеттік қызметкерлер марапатталды


Қызылорда облыстық сотында 23-маусым мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай өткен жиында Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хатымен, бас маман сот отырысының хатшысы Б.Қалдыбаев пен жетекші маман М.Дәріқұлов Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталған алғыс хаттарда сот қызметкерлеріне өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандары үшін алғыс білдірген.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктелген. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, мемлекеттік қызметшілердің шеберліктері мен біліктіліктеріне сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын.

Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілер халық пен қоғам арасын жалғастырып отырған алтын көпір.

Еліміздің сот жүйесінің дамуы, халықтың сотқа деген сенімінің артуы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктіліктеріне, іс-тәжірибелеріне, патриоттық сезімдері мен заңдылықты бұлжытпай сақтауларына, сіңірген еңбектеріне тікелей байланысты.

Осы аталған мерекеге орай лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындап, еңбектегі жетістіктері үшін әріптестеріміз Алғыс хаттарға ие болды. Бүгінгі мерекеге орай әріптестерімізді және барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріне сәттілік тілейміз!

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
23 маусым 2021 ж. 311 0