Әділ сот – Әлеуетті мемлекет кепілі
Бүгінде егеменді еліміздің сот саласы қауқарлы да, қуатты, тәуелсіз, біртұтас жүйеге айналып келеді. Елімізде әділеттіліктің салтанат құруы мен тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасу жолында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
Республика сот жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде Қызылорда облыстық соты тарихи кезеңдерден өтті. Қызылорда дербес облыс ретінде 1938 жылы құрылған. Бұған дейін он жыл бойы облыс көлемінде Каз АКСР халықтық Әділет комиссариатына бағынысты округтік сот жұмыс істеген. Округтік соттың құзырына Қызылорда, Қазалы, Арал қалалық және 140 елді мекенді қамтыған Қызылорда, Шиелі, Қараөзек, Қазалы, Қармақшы, Қарсақпай, Алмакесек аудандарының соттары қарады. Қызылорданың облыс ретінде құрылуына байланысты 1938 жылдың 4 наурызында облыстық соты құрылды. Облыстық соттың алғашқы төрағасы болып Ақдәулетов тағайындалды. 1947 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Түменов, 1952 жылы Жұбанышев, 1955 жылдан бастап С. Елшібаев, 1971 жылы И.Сейітов, 73- жылы Ж.Ерімбетов сот төрағасы болды. Облыстық соттың басшылық құрамы 1987 жылы тұтасымен өзгертіліп төрағалығына Ө. Ықсанов тағайындалды.
Еліміз егемендікке қол жеткізіп, өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған кезде, яғни 1991 жылдың 12 наурызында облыстық сот төрағасы болып Б.Асқаров тағайындалды. Ол 1995 жылдың 20 қазанына дейін басқарды. Бұл кезеңдері облыста шаруашылық істерді арбитраж, төрелік сот қарап келген еді, кейіннен олар облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына біріктірілді.
2002 жылдан бастап облыстық сот төрағаасы болып М.Есжанов, 2009 жылдан бастап М.Сапарбаев тағайындалды.
2017 жылдың 14 маусымындағы №499 ҚР Президентінің Жарлығымен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев және облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Әділхади Шығамбаев тағайындалды.
2022 жылғы 11 шілдеден бастап облыстық соттың төрағасы болып Ә.Шығамбаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына Мақсұт Нысанбайұлы, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Ж.Бекжанов тағайындалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе әлеуметік экономикалық дамудың бірде-бір міндеті жүзеге асырылмайды. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқарылу керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйесіне негізгі роль жүктеледі» деген еді. Міне, осы бағытта сот саласы қызметкерлеріне жауапты міндет жүктеледі. Сот қызметкерлерінің іріктеуі ашық өтеді. Медиация қызметінің өмірге енуі де екі тарапты ымыраға келтіуде үлкен роль атқарып келеді. Озық мемлекеттерде істің 80-90 пайызы бітімгершілікпен аяқталатынын көріп отырмыз. Жан-жақты дәлелдер негізінде азаматтарды өзара бітімге келтіру қоғамды ізгілендіре түсетінін ұмытпау керек.
Заң үстемдігін қамтамасыз ету азаматтардың судьяларға сенімін арттырады. Осы бағытта еліміздің сот саласында көп реформалар қолға алынды.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты-республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады.
Республика Жоғарғы Сот құрамы бес жылға сайланып, оның құрамына төраға, оның орынбасары, мүшелері және халық заседательдерді енгізілген. Жоғарғы Сот құрамында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мен азаматтық істер жөніндегі сот алқасы іс жүргізеді.
Сөз орайы келгенде Жаңақорған аудандық сотының тарыхы жайлы қысқаша ғана баяндап өтейік.
Жаңақорған ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда шаңырақ көтерген. Ауданда 12 ұлттың өкілі 80751 тұрғын бар.
Аудан тұрғындарына заңдық талаптарына сай аудандық сот әділ қызмет етіп келеді. Аудандық сот 1949 жылы құрылды. Оның адам құқығы мен заң талаптарының мұқият жүзеге асуы бағытында жетпіс төрт жылдық тарихы бар.
Жаңақорған аудандық соты төрағалығын 1949 жылдан 1955 жылға дейін Н.Байдаулетов атқарса, 1958-1960 жылдар аралығында Баян Рысмандиев атқарған деген дерек бар.
1966-1978 жылдары Жарқынбай Ержанов, 1978-1982 жылдың маусымына дейін Ильяс Пірімжанов төрағалық жасады. 1982-1987 жылдары Тұңғышбай Оспанов, 1987-1989 жылдары Сарыбай Құрманбаев, 1989-1996 жылдары Рысбеков Шазатхан басқарған. 1990 жылдан бастап екінші судья штат бірлігі берілген, бұл қызметке судья Ердешбаев Мәдібек Жолдасбекұлы тағайындалған.
Ал, 1992 жылы үшінші судьяға штат бірлігі беріліп Кенжегүл Көпесқызы тағайындалып, 2008 жылға дейін абыроймен атқарып, зейнет демалысына шығады.
Ердешбаев Мәдібек Жолдасбекұлы 1996-2002 жылдары сот төрағасы қызметін атқарды. Ал, Аудеков Сакен Сейтханұлы 1998-2013 жылдары судьялық қызмет атқарды. 2002-2007 жылдары Сайдуллаев Абдуллажан Сейтжаппарұлы аудандық сот төрағасы қызметін атқарса, 2003-2009 жылдары Тұрғанбаев Марат Айтбайұлы судьяқызметін атқарған. Ал, Жұбанғанов Талап Көшенұлы 2007-2009 жылдары аудандық сот төрағасы қызметін атқарды.
2010 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың желтоқсан айы аралығында Нұрлан Өміртайұлы төраға болса, қазіргі таңда Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарып жүр.
Қосанов Нұрлыбек Оразбайұлы 2014-2018 жылдар аралығында аудандық соттың төрағасы қызметін атқарса, 2013-2017 жылдары Бекботаев Абай Бердалыұлы, ал 2014-2018 жылдар аралығында Елшібеков Бақытбек Есенгелдіұлы судья қызметтерін атқарған.
2018 жылы аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалған Түбекбаева Әлия Бердібекқызы 2019 жылдың шілде айынан бүгінгі таңға дейін сот төрағасы қызметін абыройлы атқарып келеді. Ал, Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы 2017 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусым аралығында судья болса, 2022 жылдан Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы болып қызмет атқарып келеді. Осы жолдар авторы және Пазылов Болат Самадинұлы судья қызметтерін атқарудамыз.
Бүгінгі таңда аудандық сотта 11 қызметкер 3 судья, 1 кеңсе меңгерушісі, 1 бас маман, 1 бас маман-сот приставы, 3 бас маман сот отырысының хатшысы, 2 жетекші маман жұмыс атқарды.
Аудандық соттың 3 отырыс залы бар. Сот залдары заман талабына сай құрал жабдықтармен қамтылған. Ғимараттың фоесіне «моноблок» мониторы қойылған. Сотта қаралатын істердің тізбесі, аудандық сот төрағасының қабылдау күні көрнекі түрде жазылып қойылған. Сотқа келушілерге арналып фронт-офис ашылып, яғни оларға барлық жағдай жасалған.
Жетпіс төрт жылдық тарихы бар Жаңақорған аудандық соты қоғам мен халық мүддесіне сай ізденісті жұмысын жалғастыра береді.
Республика сот жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде Қызылорда облыстық соты тарихи кезеңдерден өтті. Қызылорда дербес облыс ретінде 1938 жылы құрылған. Бұған дейін он жыл бойы облыс көлемінде Каз АКСР халықтық Әділет комиссариатына бағынысты округтік сот жұмыс істеген. Округтік соттың құзырына Қызылорда, Қазалы, Арал қалалық және 140 елді мекенді қамтыған Қызылорда, Шиелі, Қараөзек, Қазалы, Қармақшы, Қарсақпай, Алмакесек аудандарының соттары қарады. Қызылорданың облыс ретінде құрылуына байланысты 1938 жылдың 4 наурызында облыстық соты құрылды. Облыстық соттың алғашқы төрағасы болып Ақдәулетов тағайындалды. 1947 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Түменов, 1952 жылы Жұбанышев, 1955 жылдан бастап С. Елшібаев, 1971 жылы И.Сейітов, 73- жылы Ж.Ерімбетов сот төрағасы болды. Облыстық соттың басшылық құрамы 1987 жылы тұтасымен өзгертіліп төрағалығына Ө. Ықсанов тағайындалды.
2002 жылдан бастап облыстық сот төрағаасы болып М.Есжанов, 2009 жылдан бастап М.Сапарбаев тағайындалды.
2017 жылдың 14 маусымындағы №499 ҚР Президентінің Жарлығымен Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев және облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Әділхади Шығамбаев тағайындалды.
2022 жылғы 11 шілдеден бастап облыстық соттың төрағасы болып Ә.Шығамбаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына Мақсұт Нысанбайұлы, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып Ж.Бекжанов тағайындалды.
Бүгінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты-республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады.
Республика Жоғарғы Сот құрамы бес жылға сайланып, оның құрамына төраға, оның орынбасары, мүшелері және халық заседательдерді енгізілген. Жоғарғы Сот құрамында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы мен азаматтық істер жөніндегі сот алқасы іс жүргізеді.
Жаңақорған ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда шаңырақ көтерген. Ауданда 12 ұлттың өкілі 80751 тұрғын бар.
Аудан тұрғындарына заңдық талаптарына сай аудандық сот әділ қызмет етіп келеді. Аудандық сот 1949 жылы құрылды. Оның адам құқығы мен заң талаптарының мұқият жүзеге асуы бағытында жетпіс төрт жылдық тарихы бар.
Жаңақорған аудандық соты төрағалығын 1949 жылдан 1955 жылға дейін Н.Байдаулетов атқарса, 1958-1960 жылдар аралығында Баян Рысмандиев атқарған деген дерек бар.
1966-1978 жылдары Жарқынбай Ержанов, 1978-1982 жылдың маусымына дейін Ильяс Пірімжанов төрағалық жасады. 1982-1987 жылдары Тұңғышбай Оспанов, 1987-1989 жылдары Сарыбай Құрманбаев, 1989-1996 жылдары Рысбеков Шазатхан басқарған. 1990 жылдан бастап екінші судья штат бірлігі берілген, бұл қызметке судья Ердешбаев Мәдібек Жолдасбекұлы тағайындалған.
Ал, 1992 жылы үшінші судьяға штат бірлігі беріліп Кенжегүл Көпесқызы тағайындалып, 2008 жылға дейін абыроймен атқарып, зейнет демалысына шығады.
Ердешбаев Мәдібек Жолдасбекұлы 1996-2002 жылдары сот төрағасы қызметін атқарды. Ал, Аудеков Сакен Сейтханұлы 1998-2013 жылдары судьялық қызмет атқарды. 2002-2007 жылдары Сайдуллаев Абдуллажан Сейтжаппарұлы аудандық сот төрағасы қызметін атқарса, 2003-2009 жылдары Тұрғанбаев Марат Айтбайұлы судьяқызметін атқарған. Ал, Жұбанғанов Талап Көшенұлы 2007-2009 жылдары аудандық сот төрағасы қызметін атқарды.
2010 жылдың қаңтар айынан 2013 жылдың желтоқсан айы аралығында Нұрлан Өміртайұлы төраға болса, қазіргі таңда Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарып жүр.
Қосанов Нұрлыбек Оразбайұлы 2014-2018 жылдар аралығында аудандық соттың төрағасы қызметін атқарса, 2013-2017 жылдары Бекботаев Абай Бердалыұлы, ал 2014-2018 жылдар аралығында Елшібеков Бақытбек Есенгелдіұлы судья қызметтерін атқарған.
2018 жылы аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалған Түбекбаева Әлия Бердібекқызы 2019 жылдың шілде айынан бүгінгі таңға дейін сот төрағасы қызметін абыройлы атқарып келеді. Ал, Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы 2017 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусым аралығында судья болса, 2022 жылдан Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының судьясы болып қызмет атқарып келеді. Осы жолдар авторы және Пазылов Болат Самадинұлы судья қызметтерін атқарудамыз.
Эльдар Рыскулов,
Жаңақорған аудандық
сотының судьясы