Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Мөлдір Жаңбырбай – Әлем чемпионы

Мөлдір Жаңбырбай – Әлем чемпионы

28 қазан күні Венгрия астанасы Будапештте каратэден өткен Әлем чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мөлдір Жаңбырбай ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атанды.

Мөлдір өзінің Алжир, Жапония, Словакия, Венесуэла елдерінен келген қарсыластарын ойсырата жеңіп, ақтық ойында Италия спортшысын басып озып, алтын жүлде иеленді.

Өздеріңізге белгілі, Мөлдір Жаңбырбай жуырда ғана Қытайда өткен байрақты бәсеке – Жазғы Азия ойындарынан күміс жүлде иеленген болатын. Енді міне, әлем алдында өзінің қайсарлығы мен жеңіске деген ынтасының арқасында еліміздің көк туын желбіретіп, әнұранын шырқатты.

Мөлдір бұрын-соңды елімізде болмаған тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Өзінің нәзік болмысымен барша қарсыласына қарсы тұрып, намысты қолдан бермей, ел абыройын асқақтатты. Қазақ қыздарының мықтылығын дәлелдеді.
30 қазан 2023 ж. 520 0