№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдау -2022: Әділетті Қазақстан жолында

Жолдау -2022: Әділетті Қазақстан жолында


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жариялаған болатын. Президент Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың біріне айналып келеді. Президентіміз өз Жолдауында 5 бағдардан тұратын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралармен таныстырды. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартып, әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Жолдауда Президентіміз «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа  жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі» деп атап өтті. Бұл еліміздегі жұмыссыздар санын азайтуға зор септігін тигізеді деп есептеймін.

Сонымен бірге, Президентіміз «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырды. Бұл бастама өскелең буын болашағының жарқын болуына жол ашары сөзсіз.

Жолдауда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған жаңа бастамаларын толықтай қолдай отырып, Жолдауда қойылған мақсат-міндеттердің жүзеге асуына өз үлесімді қосамын.

"АMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Мажитов
13 қазан 2022 ж. 1 125 0