№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұмау өршіп тұр

Тұмау өршіп тұр


Бүгінде ауа райының тұрақсыздығына байланысты ЖРВИ, тұмау ауруларының таралуы күрт артқан. Әсіресе балалар арасында жедел-респираторлы вирустық инфекция көбейіп тұр? Осы сұрақ төңірегінде аудандық аурухананың дәрігері Әсел Сейіловамен сұхбаттастық.

– Бүгінде вирустың түрі көп, мезгілге де қарамайтын болды, тамшылары арқылы ауа жайыла беріледі. Осы науқаспен ауданда күніне 7-8 науқасқа дейін қабылдап жатырмыз. Суық тию барлық балалар арасында бірінші орында тұр. Олардың иммунитеті аурулармен күресе алмайды. Сондықтан күн суытып, ауа-райы өзгерген кезде, ата-аналар балаларына аса мұқият қарағаны абзал. Бөлімге түскен екі-үш айлық сәбилер емшек ембейді, қолдан тамақтандырады. Дүниеде ананың сүтіне тең келетін ешнәрсе жоқ. Тіпті, балаға суық тисе, ана сүті арқылы осындай бағасыз құндылықтан не үшін ажыратып алатынымыз түсініксіз өз баласына тұмауға қарсы дәрі-дәрмектерді бермес бұрын учаскелік дәрігермен кеңесу керек екенін айтқым келеді. Дене температурасының көтерілуі, бас ауруы сияқты симптомдар менингит ауруының алғашқы белгілері болып саналатындығын да ұмытпаған жөн. Сондықтан суықтың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігермен кеңесу керек.

Емдеу кезінде иммундық жүйені нығайтатын және эпидемия мен тұмау кезінде инфекция қаупін төмендететін алдын алу шараларын жүргізу қажет екен. Ол үшін бөлмені желдету, дұрыс тамақтану, түрлі дәрумендер, жеміс-жидектерді рационға қосу. Толыққанды демалыс та үлкен маңызға ие. Ұйқының өзіндік пайдасы бар. Ұйқы кезінде дене жұмсалған энергияны қалпына келтіреді, бұл иммундық қорғанысты нығайтуға көмектеседі. Тұмау вирусы адам ағзасының иммунитетін төмендетеді. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады. Тұмаудың жеңіл түрімен ауыру ұзақтығы – бір апта. Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұлшық еттің, бастың және тамақтың ауыруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне байланысты асқынулар, сондай-ақ созылмалы аурулардың: жүрек-қан-тамырлық, өкпе, бронх тарапынан, қант диабеті және эндокриндік жүйенің басқа да ауруларының өршуі жатады.

2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулары бар және жасы үлкен адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді. Сондай-ақ, ерекше қауіптілік тобына жүкті әйелдер де жатады. ЖРВИ және тұмау жүкті әйелдердің иммунды жүйесін де, эндокриндік жүйесін де бұзуы мүмкін, – дейді дәрігер.

Иә, дәрігерлердің айтуынша, тұмаумен ауырған науқастарда дене қызуы көтеріліп, мұрын бітеледі. Жөтел жиілейді, әлсіздік болады. Ауруханаға жатқызылған науқастар жағдайына қарай емдеу хаттамасына сәйкес ем алады. Ал жеңіл жағдайда үй жағдайында учаскелік дәрігерлер ем тағайындап, 1-2 күн бақылауға алады.

Түсінгеніміздей, ауруды емдегеннен гөрі алдын алған абзалырақ екен. Осы тұста осы саланың нағыз маманы, терапевт-дәрігер Ришад Жүнісовтың кеңесіне құлақ түрсек.

– Иммунитетті көтерудің бірден бір жолы үйлесімді тамақтануда дер едім. Күніне 3-4 рет уақтылы және дұрыс тамақтанған жөн. Жемісжидектер мен көкеністерді көбірек тұтынған абзал. Тәтті мен майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс. Мысалы, «А» дәруменін сәбізден, жүзімнен, жасыл көкеністерден алуға болады. Ал «С» дәрумені итмұрын, мүкжидек, қырыққабат пен цитрустарда көптеп кездеседі. «Е» дәрумені күнбағыс, зәйтүн немесе жүгері майында болады. Микроэлементтердің ішінде мырыш пен селон иммунитетке оң әсер етеді. Мырыш балықта, ет пен бауырда, жаңғақта, бұршақта көп. Селен болса, теңіз өнімдері мен сарымсақта кездеседі. Қорыта айтқанда, аузыңызға салған әрбір тағамның пайдасы мен зиянын саралап, осы менің ағзама пайдалы болады деп тұтынса дегім келеді.

Соңғы уақытта көпшілік хиджама әдісіне көбірек бет бұрып оң ықпал ететіні жиі айтылып жүр. Сөзімізді дәлелдей түсу үшін хиджама маманы Қамажай Қыдырбаевамен хабарласып көрдік.

– Кез келген аурудан сақтанудың бірден бір жолы – иммундық жүйені көтеру. Міне, сегіз жылдан бері классикалық және дәстүрлі медицинада қызмет етіп келе жатырмын. Осы уақыт аралығында емдеудің ең тиімді әрі озық тәсілі ол – хиджама дер едім. Иммундық жүйе-организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Хиджама организмге қалай әсер етеді? Иммундық жүйенің қызметін жақсарту үшін ағзамыздағы арнайы меридиан бойынша белгілі биологиялық нүктелерден қан алынады. Соның бірі айырша безі (тимус). Қан алу арқылы айырша безінің жұмысы жақсарады. Әрбір хиджама жасалынған нүктелерде майда лимфа және қан тамырлары болады. Олар арнайы нүктелерден қан алынғаннан кейін біздің ағзамыздағы ескірген қан клеткаларын тазартып, жаңа қан клеткалары түзіледі. Осы екі негізгі үлкен жүйенің қызметі жақсарса, иммундық жүйеміз жоғарғы деңгейде жұмыс істейді. Ғылыми деректерге сүйенсек хиджамадан кейін иммундық жүйенің жасушалары 7-10 есе жоғарылайтыны дәлелденген, – дейді ол бізбен әңгімесінде.

Сонымен қатар кез келген аурудың алдын алып, иммунитетті көтеруге қазақтың ұлттық тағамдарының да орны ерекше. Айталық, шұбат ішкен адамның бойында жазылмайтын ауруы кемде-кем дейді. Бұл өкпе, асқазан, түрлі ішек ауруларына бірденбір шипалы тағам. Қымыздың да пайдасы ұшан теңіз. Ол зат алмасу процестерін жақсартып, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен гемоглобин синтезіне әсер етіп, жалпы иммунитетті күшейтетіні дәлелденген. Қорыта келе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген даналықтың төркініне үңіліп, ағзаның қорғаныш қабілетін нығайтуға барынша көңіл бөлген жөн. Жоғарыда көрсетілген кеңестер сізге осы бағытта көмектеседі деп сенеміз.

P.S. Шын мәнісінде, тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды зақымдайтын қауіпті жұқпалы ауру. Дәрігерлер тұмаудың вирусын тұрақсыз өзгермелі дейді. Расында да, өзгермелігінде тұмауға тең келетіні жоқ. Әрбір екі-үш жыл сайын ол өзінің қасиетін өзгертіп отырады. 10-12 жыл сайын вирустың жаңа түрлері пайда болып, олар алдыңғы түрлерінен өзгеше болып келеді. Негізі тұмау адамға ұсақ түкіріктер немесе сілекей шашырықтарымен жөтелгенде, түшкіргенде жұғады. Сондықтан, үйде болсын, жұмыс орнында болсын бөлмені желдетіп, отырған орныңызды сулы шүберекпен сүртіп алып, тазалыққа терең мән беріңіз. Қыстың алғашқы қары жауып, төңірек табиғи түрде ақ тоңына оранып, шаң тозаң атаулы ақ ұлпаның астында қалды. Лайым, аурудан да толық айығып кетіңіз.
07 желтоқсан 2022 ж. 468 0