№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарты бар ел – Қазыналы

Қарты бар ел – Қазыналы

Құрметтейік, қарттарды,
Сыйлайтұғын жастарды.
Немере мен балаға,
Қамқор болған қарттарды.

«Қарты бар ел – қазыналы ел». Қариясын сыйлап, үлкенге құрмет етіп, батасын алу – кемеңгерлікке тән игі дәстүр. Бұл дәстүрді Байкенже ауылының тұрғындары өзінше жаңғыртты. Халықаралық қарттар күні «Байкен-U» мекемесі мен ауыл әкімі Нұрғали Оспанов бастаған топ ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Ауылдың өнерпаз ұл-қыздары ақылман ардагерлерге, кемеңгер қарияларға жылы лебіз білдіріп, құрмет көрсетіп, Байкенже ауылдық клуб үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Игі тілегін жеткізген ауыл әкімі Нұрғали Оспанов: –
Негізінен бұл күн аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күні. Сіздердің ғұмыр дарияларыңыз, еткен еңбектеріңіз бүгінгі жастарға қашанда өнеге, тәлім, тәрбие. Сіздердің ақ баталарыңыздың арқасында бүтін ел көгеруде. Ауданның дамуы үшін, білім ордасының биікке жетуі үшін еткен табанды тірліктеріңізге, өлшеусіз бейнеттеріңізге ерекше алғыс айтып, құрмет көрсету біздің парызымыз, – деді.

Өткеннің өнегесіне құрмет көрсетіп, келешектің келбетіне жарқын қадам бастаған Байкен-U ЖШС-нің директорының орынбасары Әлкей Арапов, Қызылқұм менеджері Сәкен Станбеков ардагер қауымды мерейлі мерекемен құттықтады. Қарияларға елеулі еңбегі үшін алғаусыз алғыс айтып, ақ батасын алды. Ал, белсенді жастар қарттарға арнап гауһар жырдан жақұт тақты. Арутолқынжан Диқанбай «Бұл менің анам» әнін шырқағанда әр тыңдарманның көз алдына ақ жаулықты ана бейнесі оралып, жүрек қылын шертті. Дарынды жас Сахан Балаусаның өнеріне ел ілтипатын білдірді.

«Қария – көңілі дархан дария». Арнайы келіп, құттықтаған басшылыққа дән риза болған ардагерлер жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Ағайын, Ассалаумағалейкум, деп амандасса қуанатын халге жеттік. Айналайын, балаларым, арнайы келіп, көңіл бөліп, құттықтағандарыңа рахмет! Үйде отырсақ та, ынта-ықыласпен білім ордасының өркендеуіне тілекші болып отырмыз. «Батаменен ел көгерер» демекші, осындай қариялардың алғысымен өркен жайып, өрлей беріңдер, – деді батагөй қариялар.

Айта кетейік, бұл игілікті іс-шара дәстүрге айналып келеді. Әр жыл сайын сала ардагерлеріне сыйсияпатын аямайтын. «Байкен-U» ЖШС-нің ауыл тұрғындарына жасап жатқан қамқорлығы көпке үлгі.

Мақпал МАРҚАБАЙ
02 қазан 2023 ж. 328 0