№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰТ ҚОНҒАН АЙМАҚ – СЫР ЕЛІ

ҚҰТ ҚОНҒАН АЙМАҚ – СЫР ЕЛІ

Орда келбеті


Қызылордаға Оралдан жиенім қыдырып келді. Он жылдан кейін келуі екен. Қаланың ерекше өзгергенін көріп аң-таң. Қонақ жайлығымызды байқатып, облыс орталығын аралаттық. Биыл Қызылорда Облысының құрылғанына 85 жыл. Туған қаламыздың дамуы – аймақ ажарын айшықтай түскен. Сәулеті келіскен «Неке сарайы» сарайын көрсеттік. «Анаға тағзым» орталығын жерлесіміз, кәсіпкер-меценат Марат Дүйсенбаевтың салып бергенін айтып мақтандым. Мұнан бөлек, «Өнер» кешені, «Облыстық қан орталығы» және «Оқушылар сарайы» бой көтеруде. Қазақ театр өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының шымылдығы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында түрілген. Өнері мен мәдениеті рухани күш беретін өлкеде жуырда алғаш рет симфониялық оркестр құрылды. Жаңа театр маусымы ашылып, түрлі қойылымдар қойылуда. Келесі келгенде театрға қойылым тамашалауға баратын болып уағдаластық.

Жомарт жан, жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қолдауымен «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалы салынып жатыр. Келесі келгенде заманауи әуежай терминалынан өтетінін айтып қуанттым.

Елордаға қарап бой түзеген Сыр елінде жаңалық көп. Сырдарияның сол жағалауына қаншама отбасы қоныстанып, құтты мөлтек ауданға айналды. Ағам мен жеңгем көп балалы отбасы ретінде тегін пәтер алғанын сүйіншіледім. Көргенше асығып, дарияның арғы бетінен бір-ақ шықтық. Көп балалы отбасыларға берілген үйлердің ауласы балаға толы. Ойын алаңында асыр салып ойнап жүр. Балалы мекенге ырыс-береке ұялаған. Себебі мұнда заманауи жастар орталығы жұмыс істеп тұр. Ішінде жастардың бос уақытын тиімді өткізуге қажетті жағдай жасалған. Сондай-ақ 300 орынға лайықталған жатақханасы бар 400 орындық физика-математикалық мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. Мұны естіп қонағымыз басын шайқады. «Мықтысыңдар» деп бір көтеріп тастады.

Қас қараймай тұрып қала іргесінде бой түзеген «Бәйтерек» мөлтек ауданына жол тарттық. Өзім қоныстанған құтты ауданды да мақтанышпен аралаттым. Мұнда тұрғындар игілігіне қажетті инфрақұрылымның бәрі толық жеткізілген. Тақтайдай тегіс жолдар төселіп, қоғамдық көлік жүріп тұр. Жуырда 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Үйге жақын маңда салынып жатқан «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпіріне де бардық. Екі жолақты көлік жолы және екі жағында жаяу жүргіншілер жолы бар. Биік жарық бағаналары орнатылған. Көпір жақын күндері пайдалануға беріледі. Ауасы таза, тыныштық пен береке орнаған тұрғын аудан.

Осыдан он жыл бұрын Қызылордаға алғаш қыдырып келгенде қаладағы көне ғимараттарды көрсетіп едім. Сол күні 1925 жылы Ақмешіт қаласы Қазақ АКСР-інің бас қаласы болғанын үлкен мақтанышпен айттым. Астана болған шаһарымызда еңбек еткен Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Иса Тоқтыбаев секілді ұлт зиялылары қоныстанған құтты қоныстарды көрсеттім. Тарихтан сыр шерткен №6 теміржол мектебі, теміржол вокзалы мен облыстық мұражай ғимараттарының әлі күнге дейін сақталғанын көріп қатты таң қалып еді.

Қазыналы жер, құтты мекен көптің көңіліне құдды бір ырыс пен береке, молшылық пен байлықтың символындай қонақтаған. Қаладан сәл жырақ кетсек өзіміз де сағынамыз. Қайда барсақ та, дарияны жағалай қоныс тепкен халықтың мейірімді жүзі, еңбекқорлығы мен ана тіліне деген ерекше құрметі айрықша аталады. «Илья Илиннің жерлесі екенсіз», «Астанада сегізінші қабаттан сәбиді құтқарған Cәбиттің қызылордалық екенін білеміз», «Қызылорданың күрішін айтсайшы» деп жылы лебіздерін білдіреді.

Бүгін Оралдан жиенім қоңырау соқты. Аман-есен жеткенін айтып, «Сіздердің қауындарыңыз шекерден де тәтті екен, Аралдың сазан балығының дәмі тіпті ерекше. Қазалының кәмпитімен рақаттанып шай ішіп отырмын» деп алғысын білдірді.

Сыр Елi 85жыл Orda Kelbeti, Қызылорда облысына 85жыл
Syr Jastary
Qosyl Qyzylorda Jastar Ortalygy
02 қазан 2023 ж. 321 0