№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген шағын несие беріледі

Жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген шағын несие беріледі

Бүгінде мемлекет тарапынан жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау білдіру мақсатында жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілуде. Бекітілген ережеге сәйкес, аталмыш бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатысады алады. Сондай-ақ, шағын несиені алуға ниетті азаматтар жеке кәсіпкер ретінде танылған болса тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бұл жөнінде Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өтикен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев хабарлады.


«Жастарға арналған жеңілдетілген несиені жүзеге асыруға осы жылы 257 адамға 1 млрд 285 млн теңге қаржы қарастырылды. Мұндай көлемдегі қаржы республика бойынша ең ірі – Астана, Алматы қалалары мен Түркістан және біздің облыстың үлесінде екенін айтқым келеді. Аталған қаржы мамыр және шілде айларында игерілді. Жастардың шағын несие алуына сұраныс көбейгендіктен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірқатар жұмыстар атқарылып, 200 жасқа қосымша 1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда агрокредиттік корпорация арқылы несие беру жұмыстары жұргізілуде», - деді басқарма басшысы Ғабит Жұмабекұлы.

Жеңілдетілген шағын несиені алудың негізгі шарттары мынандай; микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жыл. Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 млн теңгеге дейін, ал номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыздан аспайды. Сондай-ақ, кепілмен қамтамасыз ету, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі үштен бірінен аспайды. Сонымен қатар дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аз кәсіпкерлер қатыса алады.

«Бүгінде өңірдегі 275 жас кәсіпкер 1 млрд 262 млн теңге көлемінде бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның оң қорытындысын алып, құжаттары агрокредиттік корпорацияға жолданды. Құжаттардың түгел тапсырылуы мен мазмұнын тексеру уақыты өтініш тіркелгеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қаралады. Тапсырылған құжаттар талапқа сәйкес келмеген жағдайда себептерін көрсете отырып кері қайтарылады. Ал талапқа сәйкес келген өтінімдерге 10 күн ішінде бағалау жүргізіледі. Барлық шарттар орындалғаннан кейін бизнес жобаларды іріктеу бойынша конкурс 5 күн бұрын облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланады», - деді «Аграрлық несие корпорация» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Маханбет Тұрмаханов.
21 қыркүйек 2023 ж. 153 0