№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдау: Цифрландыру ісі және инновация

Жолдау: Цифрландыру ісі және инновация

Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Әлемдегі экономикасы дамыған 30 елдің көшіне ілесуде жаңа технологияның тілін меңгеру маңызды. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы ІT жүйесінің дамуына серпін береді. Ол өз кезінде шығындарды азайтып, уақытты үнемдеуге көмектеседі, адамдар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.

  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Техниканы шұғыл жөндейтін өндіріс орындарының қуатын арттырып, отандық кәсіпорындарға барынша қолдау көрсеткен жөн. Бізде оған қажетті материалдық-техникалық база, білік пен тәжірибе және мамандар бар. Тек оларға құзырлы мекемелердің тапсырысы керек», – деп айтып өтті.

Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Құжатты жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлық xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдарыақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланылып, тұрғындарға қажетті мемлекеттік қызметтің кез келген түрін цифрлық технология көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық үдеріс үлгілі дамытылуы керек. Ал ол үшін, ең алдымен, әсіресе IT саласына басымдық берілетін болады. Жалпы, Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталған. Оған мысал – «eGov» жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат ресімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі.

ТҮЙІН. «Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкіметті және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз» деп көрсетуі де біз үшін маңызды. Сондықтан біз, жастар, өз тарапымыздан цифрлық технологияға білім алушыларды бейімдеуіміз қажет. Цифрлық технология негізінде дәріс, семинар сабақтарын жиі ұйымдастырып, осы бағыттағы оқыту әдістерін сапалы түрде одан әрі дамытуымыз керек. Қорыта айтқанда, 1 қыркүйектегі Жолдау біздің бағдарымыз, сонымен қатар жаңа міндеттерді жүзеге асыруға жол көрсетеді деп санаймыз.

Наурызбай ОРЫНБАСАРОВ, аудандық
Жастар ресурстық орталығының директоры

11 қыркүйек 2023 ж. 342 0